Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар тағы 9 теңгеге арзандай түсті

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан қор биржасы нарығында доллар тағы арзандап, төл теңгеміз нығая түсті, деп хабарлайды KASE.

Доллардың орташа бағамы 427,80 теңгеге тұрақтады, яғни 9,07 теңгеге арзандаған.

NUR.KZ порталындағы ақша айырбастау курсына қатысты ақпаратқа сәйкес, қазір екінші деңгейлі банктерде долларды сату және сатып алу бағасы келесідей:

  • Нұр-Сұлтанда бір долларды 423-427 теңгеге сатып алуға, 432,5-437 теңгеге сатуға болады;
  • Алматыда 423-432 теңгеге сатып алынса, 432,5-437 теңгеге сатылуда;
  • Шымкентте 423-427 теңгеден сатып алуға, 432,5-437 теңгеге сатуға болады.

Сонымен бірге Kurs.kz порталындағы мәліметке сүйенсек, елордадағы ақша айырбастау орындарында бір доллар 430-433 теңгеден сатып алынса, 434-438 теңгеден сатылуда.

Алматының ақша айырбастау орындарындағы бағамға келсек, бір доллар 436-439 теңгеден сатылып, 429-433 теңгеден сатып алынып жатыр.

Ал Шымкентте бір долларды сатып алу құны 434-436 теңгені, сату 430-432 теңгені құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1968196-elimizde-dollar-tagy-9-tengege-arzandai-tusti/

pixel