Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банктер қай салада үнемдемейді: Еуразиялық банк 2021 жылдың нәтижелерін мысал ете отырып, бұл сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Иллюстративное фото
Иллюстративное фото: freepik.com

Еуразиялық банктің 2021 жылдағы табысы екі есе артып, 13 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы басқарма төрағасы Валентин Морозов мәлімдеді. Оның айтуынша, табысқа жетудің басты құпиясы — аз қаражат жұмсап, көп жұмыс істеу, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Десе де, банк қаражат үнемдемеген салалар да бар. Нақтырақ айтсақ, талантты IT-мамандар, жаңа технологиялар, цифрлық өнімдерді дайындайтын мамандарды тарту, сондай-ақ процестер мен қызметтерді цифрландыру саласы.

"Біз өз технологияларымызға көп инвестиция жұмсадық және осы жұмысты одан әрі жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте біз цифрлық технологиялар саласының талантты мамандары, жалпы жастар үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Себебі банктегі кей бастамаларды жасы үлкен адамдар емес, керісінше 20-30 жастағы жастарға сеніп тапсырған абзал. Бұл мәселе технологиялар, цифрлық жобалар мен қосымшаларға қатысты болып отыр. Себебі жастар дәстүрлі банк бизнесімен айналысатын мамандарға қарағанда бұл бағытта көш ілгері тұр. "Цифрлық" стратегия бізге көптеген білікті әрі талантты жастарды сыйлады", — деді Валентин Морозов.

Банктің осы салаға жұмсаған инвестиция көлемі былтырғы жылы 371 миллион теңгені құраған, оның басым бөлігі бағдарламалық-аппараттық кешендерге жұмсалған. Бұл жаңашылдық бүгінде банк клиенттеріне барлық қызметті онлайн алуға әрі клиент өтінімін қанағаттандыру деңгейі барынша жоғары болатын оң өзгерістерге алып келді. Цифрландыру жүйесі тарапынан банк пен клиенттерге көп қолдау көрсетілуде. Бұл көптеген операцияға кететін шығындарды едәуір азайтуға жол ашуда.

Былтырғы жылы көптеген жекелеген өнім цифрландырылды, деді Валентин Морозов. Оның ішінде ескі және жаңа автокөліктерді онлайн-несие беру арқылы рәсімдеу қызметі де бар. Айта кетерлігі, бұл бастама Қазақстандағы ғана емес, сонымен бірге ТМД елдеріндегі алғашқы жоба болып отыр. Аталған қызмет арқылы қазақстандықтарға көлік іздеуге уақыт жұмсап қажет емес, барлық құжаттарды рәсімдеу мен оны есепке тұрғызу жұмысын Еуразиялық банктің Smartbank қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады.

Фото
Фото: Eurasian Bank
"Covid-19 цифрландыруды жеделдетті. Әрине біздің әлі де жұмысты күшейтетін салаларымыз бар. Солардың бірі – предиктивті сараптаманы қолдану әрі оны дамыту. Бұл бізге банк клиенттерін қызықтыратын қызметтерді алдын ала білуге мүмкіндік береді", — дейді Валентин Морозов.

Ал еліміздегі және әлемдегі жаһандық экономикаға қатысты болжамдарға келер болсақ, ол мұндай жағдайда бәрін болжау мүмкін емес екендігін айтты.

"Өмір осымен қызық, әр уақытта түрлі оқиғалар болып жатады. Олардың арасында жағымсыз жайттар өздігінен болып жатса, жақсы жаңалықтар бойынша жұмыс істеп, барлық жағдайға дайын болуды үйрену керек", — деді Еуразиялық банк басшысы.
"Банк клиенттері үшін бастысы не? Оның тұрақтылығы мен сенімнен шыға білуі. Қазір күрделі кезең, сол себепті клиенттер банктердің әрекетінен тағы бір күйзеліске түсуді мүлде қаламайды. Сондықтан 2021 жылдың үлкен артықшылығы – біз банкті форс-мажорлық жағдайлардан – пандемия, қаңтар оқиғасы, құлдыраған банктің клиенттеріне төлем төлеу сынды түрлі сынақтардан өткізе білдік. Бұл оқиғалардың барлығы банктің бейімделіп келе жатқандығын көрсетеді. Немесе, басқаша айтқанда, ауыр тасты байлап қойып, жүгірумен пара-пар болды. Яғни сіз бұл ауыр тастармен бастапқыда әрең жүгіргеніңізбен, кейін оны шешкеннен соң бірден ілгері жүгіріп кете аласыз. Бұны мен банктің 2021 жылы жасаған жұмысына теңер едім. Ол бізге клиенттердің сенімін ақтап, бұрынғысынша тұрақты әрі сенімді болуға мүмкіндік береді", — деді Валентин Морозов.

№ 1.2.68/242/40 лицензиясы 2020 жылғы 3 ақпанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1970843-bankter-qai-salada-unemdemeidi-euraziyalyq-bank-2021-zyldyn-natizelerin-mysal-ete-otyryp-bul-suraqqa-zauap-berdi/

pixel