Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "несиелік рақымшылық" туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кредиттік рақымшылық жасалып, халықтың қарызы есептен шығарылады деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресми сайтында мәліметтің жалған екенін хабарлады.

"Атап айтқанда, "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы" мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығын орындау үшін қабылданған "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы" ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі қаулысына қатысты үш жыл бұрынғы ақпарат бар 2019 жылғы бейнеролик таратылуда", - делінген хабарламада.

Ведомство осы қаулы аясында 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында көмек көрсетіленін атап өтті.

"Нәтижесінде 577,7 мың азамат үшін жалпы сомасы 120,5 млрд теңге болатын берешекті есептен шығару рәсімі жүргізілді", - деді агенттіктен.

Осы орайда ведомство қаулы 2019 жылғы 13 желтоқсанда қолданысын тоқтатқанын және қазіргі уақытта оның заңды күші жоқ екенін айтты. Бұл бастама бір реттік бастама болған.

"Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан жалған мәліметтерге сенбеуді және ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден басшылыққа алуды сұраймыз", - деді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1970897-qarzy-narygyn-retteu-zane-damytu-agenttigi-nesielik-raqymsylyq-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel