Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық экономика министрі теңге неліктен нығайып жатқанын түсіндірді

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәжіліс кулуарында теңгенің нығаюына қатысты түсініктеме берді. Оның сөзінше, қазіргі кезде ұлттық валютаның нақты бағамы қалыптасуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұған дейін доллардың қымбаттауына бірнеше фактор әсер еткен.

"Бірнеше фактор бар, соның бірі – дүрбелең. Бизнестің кейбір түрлері, халықтың бір бөлігі долларларды жаппай сатып ала бастады. Ал бұның өз кезегінде теңге бағамына қысым жасағаны белгілі.

Содан кейін жағдай тұрақталды. Біз жағдайдың әлдеқайда жақсы екенін көріп отырмыз. Жағдай тұрақтала бастағанына қарамастан, біз наурыз айында бюджетті нақтылауды бастадық, болжам бойынша, бюджеттегі доллар бағамы 460 теңгеге дейін көтерілді және көбінесе осыған бағдар ұстау керек", – деді министр.

Осы орайда Әлібек Қуантыров үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп жұмыс атқарып жатқанын сөз етті.

"Менің білуімше, Ұлттық банк соңғы айларда интервенция жүргізген жоқ. Сәуір, мамыр айларында жүргізілмеді. Қазіргі уақыттағы курс нақты", - деп сөзін қорытындылады Қуантыров.

Айта кетейік, 24 мамырда KASE сауда-саттығында доллар тағы 7,5 теңгеге арзандап, бір данасы 416,9 теңге деңгейіне дейін төмендеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1970954-kurs-synaiy-ulttyq-ekonomika-ministri-tengenin-nygayuyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel