Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңілдетілген 4 пайыздық несиемен көлік алудың қандай жолдары бар

Опубликовано:

Машина
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры Ербол Сейпілов  4 пайызбен берілетін автонесиені қалай алуға болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, бұл бағдарламаланың алдыңғы бағдарламадан айырмашылығы бар. Өйткені мұнда бір адамға берілетін несие сомасы  10 миллионнан аспауы қажет. Бірақ осыған орай көліктің бағасы 15 миллионнан аспайды.

"Яғни, сізге 15 миллион теңгенің көлігі ұнаса, сіз банкке барып өтініш бересіз.  Банк сізге 10 миллион мақұлдайды, қалған 5 миллион теңгені өзіңіз төлейсіз.  Яғни, 5 миллион теңгені өз қалтаңыздан төлеп 10 миллион теңгені несиеге рәсімдеуге мүмкіндігіңіз бар.

Кейде азаматтар 10 миллион теңгеге бастапқы жарна бермей қойды деп жатады. Неге олай десеңіздер, бұл жерде әрбір адамның төлеу қабілеті қаралады. Егер 0 пайызға ала алатын жалақыңыз болса, егер жетпеген жағдайда алғашқы жарнаны қосу қажет", - деді Ербол Сейпілов.

Қауымдастық өкілі жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлінгенін еске салды.

Сондай-ақ сарапшы "халықтың бәрі бірдей үміттене ала ма?" деген сауалға да жауап берді.  

"10 мың адам көп емес, әрине. Осы жылы автомобиль өндірісі 100 мыңнан астам көлік шығарамыз дейді. Былай қарасақ, соның 10-ақ пайызы. Жалпы, елімізде 3,8 миллион көлік бар. Оның 50 пайызы 20 жылдан асқан көліктер. 4 пайыздық автонесие бағдарламасы ең алдымен әлеуметтік және автопаркті жаңартуға арналған жоба. Бұл бағдарлама жылда жалғасады. 100 млрд теңге бөлу осымен тоқтап қалмайды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1971415-zenildetilgen-4-paiyzdyq-nesiemen-kolik-aludyn-qandai-zoldary-bar/

pixel