Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сбербанк Қазақстан" 2021 жыл бойынша есеп берді

Опубликовано:

Сбербанк
Фото: Сбербанк

"Сбербанк Қазақстан" өткен жылғы қызметінің нәтижелері бойынша көпшілікке есеп берді. 2021 жыл банк үшін көптеген көрсеткіш тұрғысынан рекордтық жыл болды.

30 мамырда "Сбербанк" АҚ ЕБ акционерлерінің кезекті жалпы жиналысы өтті, онда қаржы институтының 2021 жылғы қызметінің нәтижелері ұсынылды. Аудиторлық қаржылық есептілікке сәйкес Сбербанк Қазақстан негізгі қаржылық көрсеткіштердің рекордтық өсу қарқынын көрсетті:

  • Банк активтері екі жылда екі есеге жуық – 4,2 трлн теңгеге дейін ұлғайып, 33%-ға өсті. Активтердің өсуі кредиттік және депозиттік қоржынның сапалы өсуіне байланысты болды.
  • Таза пайда 130 миллиард теңге – рекордтық көрсеткішке жетіп, екі есе өсті. Бұл ROE (капиталдың табыстылығы) көрсеткішін 39%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
  • Сбербанк Қазақстан экономиканы белсенді кредиттеуді жалғастырды. Бөлшек кредиттік қоржын 1 трлн теңгеден асатын белгіге жетіп, бір жыл ішінде 48%-ға өсті. Заңды тұлғалардың кредиттік қоржыны 23%-ға ұлғайды, бұл абсолюттік мәнде шамамен 1,3 трлн теңгені құрады.
  • 2021 жыл жеке тұлғалар (Sber KZ) және заңды тұлғалар (СберБизнес) үшін жаңа мобильді қосымшалардың іске қосылуымен есте қалды.
  • Белсенді клиенттік база 35%-ға өсті.
Сбербанк
Фото: Сбербанк
"2020 жылдан бастап Сбер цифрлық трансформациядан өтуде. Коронавирус салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, банк екі жыл ішінде негізгі қаржылық көрсеткіштерді екі есе арттырды. Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту, ипотекалық және автокөлікті кредиттеу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда көшбасшы атанды. Қазақстанның ең ірі шетелдік салық төлеушілердің отыздығына кірді. Банк өз қызметінің барлық кезеңінде бюджетке 160 млрд теңгеден астам салық аударды. 2022 жылдың ақпан айынан бастап біздің команда бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге тап болып, оларды сәтті еңсеріп, Сбер Қазақстанның банктік жүйесіндегі ең сенімді банктердің бірі болып табылатынын тағы да дәлелдеді. Біздің команданың аянбай еңбек етуі санкциялардан туындаған шектеулерге қарамастан, осы соққыларға төтеп беруге, клиенттеріміздің қаражатын сақтауға, банктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Біз үшін ең бастысы – клиенттердің мүдделері, олардың әл-ауқаты мен дамуы. Сондықтан банк командасы клиенттеріміздің мүдделерін қорғауға бар күшін салады", - деп атап өтті "Сбербанк" АҚ ЕБ басқарма төрағасы Ельдар Тенизбаев.

Банктің 2021 жылғы жетістіктері туралы айта отырып, келесі фактілерді атап өткен жөн:

  • Сбер – Қазақстан нарығындағы ең ірі шетелдік банк;
  • Активтердің көлемі, заңды тұлғалар депозиттерінің көлемі және несиелік қоржынның көлемі бойынша 2-орын;
  • Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі банктің рейтингін 2021 жылғы тамызда "BBB –" деңгейіне дейін көтерді /болжам "Тұрақты"; 2021 жылғы шілдеде Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі де банктің базалық кредит қабілеттілігінің рейтингін (BCA) B2-ден B1-ге дейін көтерді;
  • Мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар мен кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының көшбасшысы: "Баспана хит" (үлес – 52%), «7-20-25» бағдарламасы бойынша екінші орын (үлес–32%); берілген ипотекалық қарыздардың сомасы шамамен 770 млрд теңгені құрайды;
  • Автокредит беруде Сбер 35% үлесін алды, бұл Қазақстанда берілген барлық жеңілдікті кредиттердің үштен бірі;
  • Қазақстан қор биржасы (KASE) Банкті "Ресей рублінің биржалық нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша марапаттады;
  • Сбербанк қаржы секторын тұрақты даму талаптарына бейімдеу мәселелерінде, атап айтқанда ESG қағидаттарын банк саласына енгізуде белсенді позицияны ұстанады. 2021 жылы Сбер тек бизнес үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін де ерекше маңызы бар жобаларды қаржыландырды. Мысалы, күн электр станциясының, мектептер мен ауруханалардың құрылысы, экологиялық таза көлік сатып алу. Сондай-ақ, бұл –халықтың әлеуметтік осал топтарына, соның ішінде балалар үйіне, ардагерлер мен мүгедектерге көмек көрсету мәселелері. Банк 2021 жылы қайырымдылық мақсаттарға 150 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Мүгедек балаларға арналған инклюзивті балалар алаңы салынып, елордаға сыйға тартылды.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 03.02.2020 жылы берген №1.2.199/93/31 лицензиясы.

*Материал Сбербанк Қазақстан қолдауымен дайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1972057-sberbank-qazaqstan-2021-zyl-boiynsa-esep-berdi/