Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kaspi Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес депозит өсімі бойынша №1 болды

Жарияланған күні:

Kaspi.kz
Фото: Kaspi.kz

Қазақстан Ұлттық банкі ұсынған ақпаратқа сәйкес Kaspi депозит өсімі бойынша №1 банк деп танылды.

Банк мәліметінше, сәуір айында қазақстандықтар Kaspi-дегі жинақ ақшасын 120,1 млрд теңгеге көбейтті. Kaspi-дегі депозиттердің жалпы мөлшері 2,6 трлн теңгені құрады.

"Біз Kaspi.kz-тің барлық сервистерін тиімді ғана емес, сондай-ақ ыңғайлы етуге тырысамыз. Kaspi Депозит – Қазақстандағы ең танымал депозит, оны санаулы ғана секундта тура Kaspi.kz мобильді қосымшасында ашуға болады. Салымның ең аз сомасы – бар-жоғы 1000 теңге. Сыйақыны жоғалтпай кез келген уақытта ақша салуға және ақша алуға болады. Біз миллиондаған қазақстандықтың балаларға білім беру, тұрғын үй жағдайын жақсарту, саяхаттау және өмірдегі басқа да маңызды мақсаттар үшін жинақ ақшасын сақтап, көбейтуіне атсалысқанымызды мақтан тұтамыз. Сенім артқаны үшін әрбір сүйікті клиентімізге мың алғыс!", - дейді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1973122-kaspi-ulttyq-bank-malimetterine-saikes-depozit-osimi-boiynsa-1-boldy/