Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық Банк алаяқтардың көбейгенін ескертіп, дабыл қақты

Опубликовано:

Ұлттық банк1
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық Банk өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп жүрген алаяқ топтардың белсенді әрекетке көшкенін хабарлайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаскөйлер мобильді қосымшалар, сайттар мен жарнамалық роликтер жасауға бейімделіп алған. Олардың мазмұны жеке тұлғалардың қаражатын басқаруға тарту секілді бағдарламаларды сипаттайды және оны екінші деңгейлі банктермен, Ұлттық банкпен немесе басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірленген деп көрсетеді. Мұндай жарнамалар – фейк", - делінген хабарламада.

Алаяқтарды қалай анықтауға болады:

  • ондай сайттар аз уақыт ішінде инвестициядан жоғары әрі тұрақты пайда табуға кепілдік береді;
  • қандай да бір байланыс дерегі жоқ;
  • ресми мемлекеттік тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұлттық компания басшыларының фотосуреттері мен ойдан құрастырылған мәлімдемелері келтіріледі; жалған лицензиялар немесе құқық белгілейтін құжаттар пайдаланады;
  • мемлекеттік органдардың, екінші деңгейлі банктердің немесе ұлттық компаниялардың логотиптері мен атаулары шын болуы мүмкін. Алайда, ол заңды тұлғалардың, оның ішінде Ұлттық Банктің мұндай алаяқтардың платформасына қатысы жоқ.

Осы орайда Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жасамайтынын, мемлекеттік қорларда табыс табу үшін қандай да бір платформалар әзірлеуге қатыспайтынын еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1974466-ulttyq-bank-alayaqtardyn-kobeigenin-eskertip-dabyl-qaqty/

pixel