Елдегі ақша айырбастау нүктелерінде доллар 475 теңгеге қымбаттап кетті
Опубликовано:

Қазақстандағы ақша айырбастау нүктелерінде америкалық валюта күрт қымбаттады. Бір күн бұрын биржада доллар 10 теңгеден астам бағаға көтерілген болатын.
Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбастау нүктелерінде доллар 469-474 теңге аралығында сатылып жатыр. Олар бір америкалық валютаны 460-465 теңгеден сатып алуда.
Ал Нұр-Сұлтан тұрғындары бір долларды 464-467,5 теңгеден сатып, 469-473 теңгеден сатып ала алады.
Шымкенттің кейбір ақша айырбастау орындарында доллар 475 теңгеге көтеріліп кетті, олар бір америкалық валютаны 462-469 теңгеден сатып алуда.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық барысында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы бір бірлікке 464,81 теңгеге жетті. Америкалық валюта 10,45 теңгеге қымбаттады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1975571-eldegi-aqsa-aiyrbastau-nuktelerinde-dollar-475-tengege-qymbattap-ketti/