Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бензиннің шекті бағасы бекітілді

Опубликовано:

Бензин41
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде бензиннің шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Энергетика министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы 14 шілдеде Энергетика министрлігінің "Мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы", сондай-ақ "Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрықтары күшіне енді.

Бұйрыққа сәйкес, енді Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңгені құрайды, Қазақстанның басқа облыстарында бағалар бұрынғы 182 тг/литр деңгейінде сақталады.

"Екі облыста бағаны түзету бөлшек-сауда сатушылардың мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан алыстығынан, логистикалық шығындармен байланысты", - делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство мұнай өнімдері тізбесінен Аи-95 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеу алып тасталатынын атап өтті.

"Өйткені Аи-95+ және жоғары өнімдерді өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар мен бензиндердің жоғары октанды компоненттерінің үлкен шығыны талап етіледі. Импорттық қоспалардың бағасы мұнай бағаларымен және валюта бағамдарымен байланысты", - дейді Энергетика министрлігінің өкілдері.

Дегенмен жауапты ведомство елімізде дизель отынының шекті бағасы өзгермейтінін және Қазақстанның барлық өңірлерінде бұрынғы деңгейде қалып отырғанын жеткізді.

Яғни Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша, сондай-ақ Абай облысында дизель отынының шекті бағасы литріне 260 теңгені, ал Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Шымкент, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литріне 230 теңгені құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1978650-qazaqstanda-benzinnin-sekti-bagasy-bekitildi/

pixel