Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар кірісі мен мүлкі туралы декларацияны электронды форматта қай күнге дейін тапсыруы тиіс

Опубликовано:

Табыс пен мүлік декларациясы
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Биыл мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыруы қажет. Декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі өтіп кетті. Есепті электронды форматта өткізу үшін қанша уақыт қалғанын KAZ.NUR.KZ тілшісі анықтап көрді.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі 2022 жылғы 15 шілдеде аяқталғанын мәлімдеді.

Осы орайда комитет егер декларация қағаз түрінде тапсырылмаса, 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсыруға болатынын еске салды.

Декларацияны жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тапсыру қажет.

"Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде, яғни былтыр активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған тұлғалар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсына бастады.

Ол азаматтарға мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер, банк және сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушылары, сондай-ақ аталған тұлғалардың жұбайлары жатады", - деп хабардар етті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Келесі жылы декларацияны кімдер тапсырады

Келесі жылы мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар кірістері мен мүлкі туралы есепті тапсыруды жалғастырады, енді олар міндетті түрде жыл сайын есеп береді.

Ал активтер мен міндеттемелер туралы кіріс декларациясын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады.

2024 жылы бұл заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларына, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларына қатысты болады. Ал 2025 жылдан бастап барлық қазақстандық декларция тапсырады.

Декларацияда кірістер, мүлік, несиелік қарыздар және басқа да мәліметтер туралы ақпарат көрсетілуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1978980-qazaqstandyqtar-tabysy-men-mulki-turaly-deklaraciyany-elektrondy-formatta-qai-kunge-deiin-tapsyruy-tiis/

pixel