jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    14-29 жастағы қазақстандықтарға арналған 3 млн теңге көлеміндегі грантқа өтініш қабылдау басталды

    Құжатқа қол қойды
    Көрнекі фото: pexels.com

    Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі конкурс басталғанын мәлім етті. Оларға 14-29 жас аралығындағы жастар үміткер бола алады, деп хабарлайды Elorda.info.

    2022 жылы конкурс шеңберінде 30 грант беріледі, олардың әрқайсысы 3 миллион теңгеден болады.

    Грантты тағайындаудың мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау. Оны алуға конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кіші емес және жасы 29-дан үлкен емес Қазақстан азаматтары үміткер бола алады.

    Гранттар ел азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

    "Ғылым" - ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін;

    "Мәдениет" - Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;

    "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;

    "Бизнес" - экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;

    "Медиа" – жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.

    Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:

    Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, "Министрліктер үйі" Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс);

    Электрондық нұсқаны пошта арқылы generation.kaz@gmail.com жіберу керек .

    Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

    - жобаның сипаттамасы;

    - жобаның бейне-презентациясы (60 секундтан артық емес);

    - шығындар сметасының жобасы;

    - зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса).

    14-29 жастағы қазақстандықтарға арналған 3 млн теңге көлеміндегі грантқа өтініш қабылдау басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.