Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп түлектері мен студенттерге 2350 өтеусіз грант берілетін болды: Конкурсқа кімдер қатыса алады

Опубликовано:

"Қазақстан халқына" қоры грант береді
Көрнекі сурет: Pixabay.com

2350 мектеп түлегі мен студентке тегін жоғары білім алуға мүмкіндік берілмек. Мұндай көмек "Қазақстан халқына" қорымен ұйымдастырылып отыр. Гранттар өтеусіз болғандықтан, грант алушы оқуын аяқтаған соң жұмсалған қаражатты "өтеуге" міндетті емес, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хабарламада бакалавриат бағдарламасы бойынша студенттер мен талапкерлерге барлығы 2 350 грант бөлінгені айтылған. Шәкіртақының белгіленген мөлшері – 40 мың теңге.

"Бастапқы кезде 360 грант бөлу жоспарланған болатын, бірақ өтініштер санының көп болуына байланысты гранттар саны көбейтілді", – дейді ресми хабарламада.

Қордың 2022-2023 оқу жылының талапкерлеріне арналған білім беру гранттары мен стипендияларының жалпы саны – 850. Қор бакалавриат бағдарламасы бойынша мемлекеттік немесе өзге қандай да бір грант алмаған келесі санаттың:

  • ауылдық жерлердің аз қамтылған отбасыларының талапкерлері;
  • жетім балаларға жататын және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған талапкерлері;
  • мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар талапкерлері үшін жоғары білім алу үшін шәкіртақысы бар гранттар ұсынады.

"Бұл гранттар ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ЖЖОКБҰ) түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлерге беріледі", – деп ескертілген қор хабарламасында.

ЖЖОКБҰ-ның ағымдағы студенттері үшін білім беру гранттарының саны 1500-ге дейін ұлғайтылған. Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алады:

  • мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар студенттер;
  • жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;
  • ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер;
  • толық емес отбасыдан, мүгедек балаларды тәрбиелеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;
  • ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар болып келетін студенттер.

"Қазақстан халқына" ҚҚ-ның гранты мен шәкіртақысын алуға үміткерлер, яғни ақылы топтарда оқитын студенттер 1-25 тамыз аралығында "Taiburyl" ҚБ сайтында (taiburyl.kz) және "ҚазМЗУ эндаумент" корпоративтік қорының сайты endowment.kazguu.kz-те онлайн өтінім бере алады.

"Қор бөлетін гранттар өтеусіз көмек болып табылады. Сома қайтарылмайды және грант алушы оқуын аяқтағаннан кейін оның оқуына жұмсалған қаражатты "өтеуге" міндетті емес", – делінген қор хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1982798-mektep-tulekteri-men-studentterge-2350-oteusiz-grant-beriletin-boldy-konkursqa-kimder-qatysa-alady/