Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ұн күрт қымбаттады

Опубликовано:

ұн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда қанттан кейін ұн қымбаттай бастады. Осы орайда EnergyProm басылымы елімізде ұн бағасы қаншалықты өскенін анықтап көрді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сарапшылардың айтуынша, 2021 жылы елімізде ұн өндірісі күрт төмендеген. Былтыр өндіріс көлемі 3 млн тоннаны құраған, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 10,3 пайызға аз. Алайда 2022 жылдың басынан бастап өндіріс көлемі арта бастаған: қаңтардан маусымға дейін отандық ұн тартушылар былтырмен салыстырғанда 1,5 пайызға артық өнім шығарған.

Өңірлер бойынша ұн өндірісінің ең көп көлемі Қостанай облысына тиесілі, бұл өңір 552,4 мың тонна өндірген, осылайша бір жылдағы өсім 7,4 пайызды құраған. Үздік үштікке Солтүстік Қазақстан облысы да кірген, мұнда 164,5 мың тонна ұн өндірілген (бір жылдағы өсім 10 пайыз) және Шымкент қаласы енген, қала алғашқы үштікте болғанымен (141,5 мың тонна ұн өндірілген), өндіріс көлемінің 14,9 пайызға төмендеуі байқалған.

Ұн экспортталуда

Басылымның хабарлауынша, ұнның қымбаттап жатқаны бірінші ай емес. Бұған дейін ұн бағасының өсуі оның шетелге экспортталуына байланысты екені айтылған. Бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі ұнды экспорттауды шектеу туралы шешім қабылдады.

Десе де соңғы деректер көрсеткендей, жағдай айтарлықтай өзгермеген. Отандық жеткізушілер ұнға деген сұранысты 98,9 пайызға қамтамасыз еткенімен, ұнның экспорт көлемі ғана емес, импорты да артқан.

Мәселен, елге былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе көп – шамамен 14,4 мың тонна ұн әкелінген. 764,7 тонна ұн экспортталған, бұл былтырмен салыстырғанда 36,2 пайызға артық. Экспорттың үлесі ресурстардың 58,1 пайызын құраған. Бұл ретте ішкі нарықта ұн азая бастаған – оның көлемі 21,3 пайызға, 551,7 мың тоннаға дейін төмендеген.

Қазақстан ұны қайда экспортталуда

  • Өзбекстанға – 158 мың тонна ұн (былтырмен салыстырғанда 17,6 пайызға артық);
  • Түркіменстанға – 21 мың тонна (өсім 110 пайыз);
  • Тәжікстанға – 17,9 мың тонна (5,3 пайызға көп);
  • Ресейге – 12,2 мың тонна (өсім – 53 пайыз).

Ал ТМД-дан тыс елдерге 223,7 млн ​​доллардың (552 мың тонна) ұны жөнелтілген. Экспорттың барлығы дерлік Ауғанстанға жіберілген (551,5 мың тонна, былтырмен салыстырғанда 47,1 пайызға артық).

Қазақстанда ұн қымбаттауда

Экспорттың артуы аясында ішкі нарықта ұн бағасы көтерілді. Биыл шілде айында ұн бағасы бірден 36,6 пайызға өскен. Бірінші сұрыпты ұнның бір келісі республика бойынша орта есеппен 225 теңгені, ал жоғары сортты 343 теңгені құраған.

Жоғары сұрыпты ұнның бағасы күрт өскені елордада байқалап отыр. Онда 1 келі ұн 424 теңге шамасында. Екінші орында Шымкент қаласы. Қалада ұнның бір келісі 395 теңге тұрады. Алғашқы үштікте Тараз бар, онда жоғары сұрыпты ұн орта есеппен 385 теңге тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1983568-elimizde-un-kurt-qymbattady/