Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай коллекциялық монеталар айналымға шықты

Опубликовано:

Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған монета
Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған монета. Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банк "MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL" коллекциялық монеталарын "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясы бойынша бүгін, 4 қарашада айналымға шығарған.

Монета Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай шығарылған.

Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған монета
Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған монета. Фото: Қазақстан Ұлттық банкі
  • Монета бет жағының (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы, оның сол жағы мен оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.
  • Монета сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігінде Мәншүк Мәметованың мүсіндік портреті, оның сол жағында – КСРО Батырының алтын жұлдызы, сондай-ақ туған жылы мен мерейтойлық күнді білдіретін "1922" және "2022" деген жазулар бар. Оң жағында Мәншүк Мәметова ерлік жасап, қаза болған "НЕВЕЛЬ" қаласының картасы мен жазуының стильдендірілген бейнесі берілген. Монетаның жоғарғы бөлігінде "Кеңес Одағының Батыры" деген жоғары мемлекеттік наградасына ұсыну анықтамасының айшықты мәтіні басылған.

Ұлттық банктің мәліметінше, номиналы 100 теңгелік "MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL" коллекциялық монеталары brilliant uncirculated сапасында мельхиор қоспасынан жасалған, массасы – 15 грамм, таралымы – 15 000 дана.

"Коллекциялық монеталар белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті", – дейді Ұлттық банк өкілдері.

Коллекциялық монеталар Қазақстанның теңге сарайында жасалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1995785-mansuk-mametovanyn-100-zyldygyna-orai-kollekciyalyq-monetalar-ainalymga-syqty/

pixel