Қазақстанда жиһаз қымбаттады

Опубликовано:

Жиһаз дүкені
Жиһаз дүкені. Көрнекі фото: Рexels.com

2022 жылы қымбаттаған көптеген өнімнің ішінде жиһаз бағасы ерекше көзге түсті. Бағаның өсуі отандық өндірістің өсуімен байланысты болып отыр. EnergyProm сарапшылары елдегі жиһаз өнімдерінің бағасы бір жылда қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сарапшылардың айтуынша, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 46,7 млрд теңгеге жиһаз шығарылған. Өткен жылы бұл көрсеткіш небәрі 44,9 млрд теңге болған. Жиһаздың едәуір бөлігі Алматыда өндірілді, яғни құны 13,4 млрд теңгенің өнімі шығарылған. Үздік үштікке сондай-ақ Алматы (3,5 млрд теңге, ал жылына 34,9%) және Павлодар (3,5 млрд теңге, ал жылына 32,3%) облыстары кіріп тұр.

Нақты мәнде бұл салада өсім де бар. Биыл елімізде ас үй мен қонақ бөлмеге арналған 56,9 мың бірлік ағаш жиһаз шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,5 пайызға артық. Өсім ас үй жиһазының өндірісіне де әсер еткен (73 мың дана, бұл бір жыл бұрынғыдан 20 пайызға артық).

Металл қаңқасы бар үстелдердің, орындықтардың және басқа да отыратын жиһаздардың шығарылымы бір жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға өсіп, 869,1 мың дана болды. Сондай-ақ, елде кереуеттер мен гардеробтарды есептемегенде 173,3 мың кеңсе жиһазы мен жатын бөлмелеріне арналған 30,2 мың бұйым шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1996757-qazaqstanda-zihaz-qymbattady/