Бөліп төле де, бонус ал: Jusan Bank қараша айында ерекше науқан жариялады
Жарияланған күні:
Тауарды бөліп төлеу арқылы алу – қазақстандықтар үшін таңсық емес. Десе де қалаған затыңызды бөліп төлеумен сатып ала отырып, оның үстіне бонусқа кенелу күнде беріле бермейтін мүмкіндік. Осы орайда сіздерге отандық банктердің бірі - Jusan ұсынып отырған ерекше науқанға назар аударуды ұсынамыз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Күздің соңғы айы - алдағы қысқа белсенді дайындық мерзімі. Алда Жаңа жыл, Тәуелсіздік күні, оған қоса қақаған аязымен қоса қысқы демалыс күтіп тұр. Есесіне, дәл осы кезеңде қазақстандықтардың көбі жиһазы мен тұрмыстық заттарын жаңартып, қысқы белсенді демалысқа әзірленеді. Ал кейбіріміз көлігіміздің қысқы дөңгелектерін жаңалап, әуреге түсеміз. Жақын жандарымызды қуантып, балаларға смартфон немесе басқа да бағалы сыйлықтар алуға да дәл қазір таптырмас кезең. Анаңызға себепсіз алтын білезік, әкеңізге құрал-саймандар топтамасын сыйлауға оңтайлы уақыт.
Дегенмен күннен күнге шарықтап жатқан қымбатшылық, бағаның тұрақсыздығы көңілге кірбің ұялатады. Ал тауарлық несиелерге қосылатын пайыздық үстемақыны көріп, бұл ойыңыздан тез айнисыз. Бұл ретте ұтымды шешім бар. Көңіліңіз қалап тұрған затты 24 айға бөліп төлеу арқылы, бастапқы жарнасыз алуға болады. Бастысы, ешқандай пайыздық үстемақы төлеудің қажеті жоқ, тек тауар құнын екі жыл ішінде ай сайын тұрақты түрде төлеп отырсаңыз болғаны.
Бұл мүмкіндікті 14-27 қараша аралығында Jusan Дүкен ұсынып отыр. Тағы бір жағымды жаңалық – әр сатып алу үшін тауар құнының 5-10 пайызына дейінгі көлемде бонус беріледі. Мәселен, 1 млн теңгенің затын сатып алсаңыз 100 мың теңге көлемінде бонус сыйға ұсынылады. Бұл артықшылық «бір оқпен екі қоянды атуға» мүмкіндік береді. Бонустарды да алдағы уақытта Jusan қосымшасында пайдаңызға жаратуға болады.
Jusan Дүкен бойынша маркетинг директоры Александр Дегтяревтің айтуынша, мұндай науқандарды банк тұтынушыларына ұдайы ұсынып отырады. Ал бұл жолы бөліп төлеу науқанын ұйымдастыруға Қазақстан бойынша 3 мыңға жуық дүкен қатыспақ.
«Jusan Дүкенде бөліп төлеу және бонус иелен науқаны тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Одан бөлек біз ай сайын өз клиенттерімізді жоғарылатылған бонустармен қуантып отырамыз. Бір айта кетерлігі, бұл бонустар тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге және несиеге алған күннің өзінде де беріледі. Сонымен қатар эксклюзивті өнімдер, жинақтар және бірегей сыйлықтар ұсынатын серіктестерімізбен науқан өткіземіз», - дейді ол.
Jusan Дүкенде науқан кезінде 300 мыңнан астам тауар мен 2 мыңнан аса қызметті бөліп төлеу арқылы алуға болады. Тауарлар категориясы сан алуан: мұнда балаларға арналған ойыншықтардан бастап, гаджеттер, электроника, тұрмыстық заттар мен жабдықтар, тіпті киім-кешек пен аяқ-киімге дейін табылады.
Айта кететін тағы бір жайт, бонус бойынша шектеу жоқ. Сіз 10 мыңның тауарын алсаңыз да, 100 мыңның тауарын алсаңыз да, алған тауар құнына қарай бонусқа ие болатыныңыз сөзсіз.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1996808-bolip-tole-de-bonus-al-jusan-bank-qarasa-aiynda-erekse-nauqan-zariyalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.