Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде соңғы бес жылда қағаз ақша ұстайтындардың саны күрт төмендеген

Опубликовано:

Ақша ұстааған ер адам
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда қағаз ақшадан гөрі төлем қартасы трендке айналып барады. Осыдан бес-алты жыл бұрын тұрғындардың 90 пайызы ақшаны қолма-қол ұстайтын. Ал қазір халықтың тек 18 пайызы банк картасынан шешіп алатын болған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, биыл тұрғындар төлем картасымен 16 триллион теңге жұмсаған.

Статистика деректеріне жүгінсек, елімізде соңғы бес жылда қағаз ақша ұстайтындардың саны күрт төмендеген. Мәселен, бұрын халық саны көп Алматы, Астана, Шымкент қалаларында триллиондаған қағаз ақша айналымда болған. Ал қазір бұл көрсеткіш 80 пайызға қысқарған. Қаржыгерлер бұған пандемия себеп болды дейді.

Індет кезінде халықтың онлайн саудасы цифрлы экономиканың дамуына серпін берген.

Телеарнаның дерегінше, қағаз ақшаға сұраныстың болмауынан банкоматтар саны да азая бастаған. Ал қаржыгерлер қолма-қол ақшаның орнын онлайн төлем басса, экономиканың дамуына оң әсер ететінін айтады.

"Экономиканың ашықтығын көрсетеді. Ол көлеңкелі экономиканың азаюына әкеледі. Салық төлемінің көбеюіне әкеледі. Себебі: салықтың көбеюі халыққа да, мемлекетке де тиімді", - дейді қаржы сарапшысы Зита Кенжеғалиева.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1999488-elimizde-qagaz-aqsa-ustaityndardyn-sany-tomendei-bastagan/

pixel