Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 2023 жылдан бастап ең төменгі жалақы, жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері өседі

Опубликовано:

ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң бекітілді. Онда ең төменгі жалақы мен түрлі есептік көрсеткіштердің жаңа мөлшері, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы көлемі көрсетілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Казахстанская правда" басылымына сілтеме жасап.

Елімізде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бекітілетін, ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) мен ең төменгі базалық және ортақ зейнетақы, сонымен бірге айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕКД) көлемі осыдан үш ай бұрын жарияланған еді. Десе де, құжатқа қол қойылғанға дейін, кей көрсеткіштер өзгерген.

Мәселен, ең төменгі жалақы мөлшерін – 60 мың теңге көлемінде қалдыру көзделген болатын. Алайда заң жобасы жарияланғаннан кейін, президент ЕТЖ мөлшерін 70 мың теңгеге дейін ұлғайтуды тапсырды. Айта кетерлігі, аталған сома бюджет туралы заңда да бекітілді.

Сол сияқты ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері бастапқыда 21 907 теңгені құрап, күнкөріс деңгейінің 54 пайызына тең болуы тиіс еді. Алайда аталған сома 2023 жылдан бастап 8,5 пайызға артып, 40 567 теңгені құрағалы отыр.

Бұған қоса базалық зейнетақы мөлшерін біртіндеп ЕКД көлемінен 70 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Мәселен, бірінші кезеңде 2023 жылдан бастап күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайтын болады, яғни 24 341 теңге болуға тиіс.

Ең төменгі зейнетақы көлемі (1998 жылға дейін толық еңбек өтілі бар қазақстандықтар үшін, ортақ зейнетақы төлемі) жоспарланғандай, келесі жылдан бастап 53 076 теңгені құрайды, бұл сома былтырғы жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға артық.

Сол сияқты жас бойынша бекітілген зейнетақы төлемдері мен сол жасқа жету бойынша төленетін төлем 10,5 пайызға артады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңгені құрайды.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап АЕК-тің екі мөлшері қолданылып жүр. Алғашқысы жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді (3 180 теңге) төлеуге пайдаланса, екіншісі – айыппұлдар мен салық және басқа да төлемдер үшін қолданылады (3 063 теңге).

Ал жаңа жылдан бастап сәуірде енгізілген көрсеткішке қарағанда 8,5 пайызға артық болатын, бірыңғай сома қолданысқа енгізілетін болады.

Осылайша 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК және КД деңгейіне байланысты Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы, айыппұл мен салық және т.б. төлемдер мөлшері ұлғаятын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1999863-qazaqstanda-2023-zyldan-bastap-en-tomengi-zalaqy-zardemaqy-men-zeinetaqy-kolemi-osedi/

pixel