Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда сатып алған киімді кері қайтару үшін биркасын сақтау жеткілікті ме

Жарияланған күні:

бирка
Киім биркасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтар арасында биркасы сақталған киімдерді дүкендерге қайта өткізетіндердің қарасы көбейеді. ҚР Сауда және интеграция Министрлігінің тұтынушылардың құқығын корғау комитеті мамандарының айтуынша, бұл көбінесе кешкі көйлектерді кері қайтаруға қатысты болады.

Дүкенге келген адам ең бірінші киімнің биркасына мән береді. Картонның кішкентай ғана бөлшегінен немесе матадан жасалған жапсырманың тауарды алмастыру және қайтару кезінде қандай маңызы бар екені комитетте талқыланды.

Қазақстандық азамат киілген күртешесін қайтарып бере алмады

Мәселен Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгінген жас жігіт сатып алған сыртқы күртешесін дүкеннен қайта алмастырып ала алмағанын айтады. Сауда жасалғаннан кейін бірнеше күн өткен соң ол алынған тауарды басқа өлшемдегі күртешеге айырбастағысы келген. Алайда сатушы тарапынан қарсылық көрсетіліп, талаптар орындалмаған.

Күртешенің барлық белгісі алынбағанын алға тартқан тұтынушы таңбаланған картон жапсырмасының бір шетінің қиылуы тауардың сыртқы түріне әсер етпейді деп есептеген.

Ал сатушы тауардың сыртқы көрінісін тексеру нәтижесінде киімнің киілгенін аңғарған, оған қоса жапсырманың жоқтығы ғана емес, күртешенің жеңіне және күләпарасына дақ жұққан, ал жағасының ішкі бөлігінен жабысқан шаш табылған.

Қандай жағдайларда киімді қайтаруға болады?

ҚР “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” Заңына сәйкес тұтынушы киімді сатып алғаннан кейінгі 14 күн ішінде оны қайтаруға немесе басқа өлшемдегі, үлгідегі, түстегі киімге ауыстырып алуға құқылы. Баға айырмашылығына байланысты екі тараптың келісім жүргізуі арқылы сатушымен қайта есеп айырысуға болады.

бирка
Киім дүкені. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алайда ол мынадай жағдайларда ғана жүзеге асуы мүмкін:

  • тауар тұтынылмаған болуы керек;
  • тауар түрі, тұтынушылық сипаты, бітемелері мен жапсырмалары сақталуға тиіс;
  • тауарды дәл сол сатушыдан сатып алғанын растайтын дәлелдердің болуы міндетті.

Сондай-ақ сапасы жағынан қайтаруға болмайтын тауарлардың бар екенін де еске саламыз.

Тауардың биркасындағы таңба тұтынушыға маңызды ақпараттарды береді: бұйымның өлшемі, өндірушінің атауы, шығарушы ел және басқасы.

Осылайша заттағы жапсырмалар мен биркалар тек сәйкестігін ғана білдірмейді, сонымен қатар тұтынушыға басқа тауарды таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ биркалар бұйымның жаңа екенін, ешкімнің кимегенін білдіреді.

Киімді биркасымен қайтаруға бола ма?

Тұтынушылар киімді қайтару немесе алмастырып алу құқығын асыра пайдаланбау керек. Мысалы, тұтынушылардың құқығын қорғау Комитетінде айтылғандай, қазіргі күні сатып алған кешкі көйлектердің жапсырмаларын алмай-ақ шараларға баратын әйелдер бар. Ал ертеңіне сол киілген көйлекті сатушыға қайта өткізуге тырысады.

Мұндай фактілер әсіресе жаңажылдық кештерден соң жиі кездеседі. Ондай жағдайда бирка сақталса да, сатушы киімді алмастырудан немесе қайтып алудан бас тартуға құқылы.

Әдетте осындай дауларды шешкен кезде киімде тердің, майдың және косметика іздерінің бар-жоғы тексеріледі. Сондықтан да тауардың тұтынылғанын дәлелдеу қиынға соқпайды. Ал дүкенге алған затты қайта өткізу үшін жапсырмасын сақтау жеткіліксіз. Сонымен қатар басқа да шарттары бар: түбіртекті жоғалтпау, жаңа киімді кимеу, бүлдірмеу және тауар келбетін бұзбау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2000679-qazaqstanda-satyp-algan-kiimdi-keri-qaitaru-usin-birkasyn-saqtau-zetkilikti-me/