Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алтын неке жүзігі бір жылда 37 пайызға қымбаттаған

Опубликовано:

Неке жүзігі
Неке жүзігі. Фото: Рixabay.com

Биыл елімізде тұтынатын тауарлардың барлығының дерлік бағасы өсті. Оның ішінде зергерлік бұйымдар да бар. Мәселен, Energyprom.kz сарапшылары биыл алтын неке сақиналары былтырмен салыстырғанда бірден 37,6 пайызға қымбаттағанын анықтаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша алтын неке сақиналары 2021 жылдың қарашасымен салыстырғанда бірден 37,6 пайызға қымбаттаған. Бір жыл бұрын сектордағы баға өсімі 5 пайыз болған еді", - дейді агенттік сарапшылары.

Зергерлік бұйым бағасы әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай шарықтаған. Мұнда алтын сақиналардың құны бір жылда 71,6 пайызға өскен.

Одан кейінгі орында Жетісу және Алматы облыстары тұр: мұнда тиісінше 68,3 пайыз және 66,6 пайыз. Сондай-ақ Астана (51,5 пайыз), Алматы (48,5 пайыз) қалалары мен Шығыс Қазақстан (49,9 пайыз), Ақмола облысында да (44,9 пайыз) баға айтарлықтай өскен.

Баға ең аз көтерілген өңірлер — Атырау (бір жылда 3,7 пайыз), Батыс Қазақстан (10,7 пайыз) және Қызылорда (11 пайыз) облыстары.

"Жыл басынан бері алтын неке жүзіктері 37,2 пайызға қымбаттады (бір жыл бұрын 4,5 пайыз болған). Қараша айында сектордағы баға өзгерген жоқ, тек бір айдың ішінде – наурызда баға бірден 27,8 пайызға шарықтады", - дейді Energyprom.kz сарапшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2001374-qazaqstanda-altyn-neke-zuzigi-bir-zylda-37-paiyzga-qymbattagan/

pixel