Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сатып алған тауар ұнамаса тауарлық несиені төлемесе бола ма

Опубликовано:

Ер адам мен әйел адам құжатқа қарап, таңғалып отыр
Құжат қарап отырған ер мен әйел адам. Көрнекі фото: Рexels.com

Несиеге немесе бөліп төлеу үшін сатып алған тауар көңіліңізден шықпаса, мұндай жағдайда не істеу керек және ресімделіп қойған несие мәселесі елімізде қалай шешіледі? Бұл туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Әдетте қазақстандықтар несиеге немесе бөліп төлеу үшін тауар сатып алған кезде жасалған мәмілені қайта бұзуға болмайды деп қабылдауы мүмкін.

Яғни тұтынушы өнім сапасыз болып шықса немесе талаптарына сәйкес келмесе оны қайтару мүмкін емес, несие ресімделіп қойғандықтан, оны қалай болмасын төлеу керек деп ойлауы ғажап емес.

Дегенмен, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша, мұндай жағдайда да тауарды қайтаруға болады.

Ведомствоның мәліметінше, сатып алған тауарды қазақстандықтар 14 күнтізбелік күн ішінде қайтаруға құқылы. Бұл бөліп төлеу үшін немесе несиеге берілген заттарға да қатысты. Бұл ереже "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның 14-бабында бекітілген.

Дегенмен, келесі шарттарды сақтау маңызды:

  • тұтынушы өнімді пайдаланбаған болуы керек;
  • тұтынушының белгілі бір сатушыдан сатып алғандығын дәлелдейтін чек болуы тиіс. Чектен бөлек, куәгерлердің растауын дәлел ретінде пайдалануға болады (заң бойынша тауарды сатып алу кезінде тұтынушыға фото және видеоға түсіруге рұқсат етілген);
  • біз азық-түлік емес өнім туралы айтып отырмыз. Алайда, дүкеннен алған бүлінген өнімдерді де қайтаруға болатынын еске саламыз;
  • тауарды сатып алған жерде немесе сатушы (дайындаушы) айтқан басқа жерлерде қайтаруға болады.

Айта кететін жайт қайтарылатын тауарлар заңнамалық талаптармен бекітілген "қайтарылмайтын" санаттар тізімінде болмауы керек. Оларға: дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар, іш киім, шұлық бұйымдары, жануарлар мен өсімдіктер, өлшемді тауарлар мен смартфондар жатады.

Сондай-ақ ведомство егер тұтынушының құқын сатушылар бұзған жағдайда олар тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жергілікті басқармаларға жүгіне алатынын еске салды.

Бұл несие немесе бөліп төлеу арқылы сатып алуға да қатысты. Мұндай жағдайда, жоғарыда сипатталған шарттарды ескере отырып, тұтынушылар сапасыз тауарларды кері қайтара алады. Ал несиенің өзі жойылып, қайтарылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2002023-satyp-algan-tauar-unamasa-tauarlyq-nesieni-tolemese-bola-ma/

pixel