Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңгемен ашылған депозиттер бойынша 10 пайыз өтемақы алуға өтініш беру қашан аяқталады

Опубликовано:

10 мың теңегелік банкноталар
10 мың теңегелік банкноталар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2022 жылдың 23 ақпанын қоса алғанда теңгемен ашылған депозиттер бойынша 10 пайыз көлеміндегі өтемақы (сыйақы) алуға өтініш беру мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталады. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) қазақстандықтардың есіне салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы мәліметтер бойынша, банктер 284 млрд теңгеге өтінім қабылдаған, бұл төленетін өтемақының ықтимал сомасының 85 пайызын құрайды.

ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмаз Құдайбергеновтің айтуынша, сыйақы алуға мүмкіндігі бар салымшылардың барлығы дерлік әлі ЕДБ-ге өтініш бермеген.

"Көбінесе бұл шағын депозиттердің иелері. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, салымшылардың жартысынан көбі (54 пайыз) сомасы 10 мың теңгеден аз шот иелері болып табылады. Негізінен бұл қаражаты ең төменгі қалдыққа дейін алынған депозиттер. Көлеміне қарамастан, бағдарлама ережелеріне сәйкес, барлық депозиттер бойынша сыйақы есептелетінін атап өткім келеді", - дейді Алмаз Құдайбергенов.

Осы орайда ҚДКБҚ сыйақы алу үшін салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей депозит ашқан банкке өтініш беру арқылы келісімін растауы қажет екенін атап өтті.

"Салымшыларды өтемақы мөлшері аз болса да, төлемді алу құқығын пайдалануға шақырамын, себебі өтініш беру үдерісінің өзі бірнеше минутты ғана алады. Банктердің көпшілігі бұл қызметті мобильді қосымшаларда жүзеге асыратындай жасап қойған немесе ЕДБ сайтында жүзеге асыруға болады", - дейді Алмаз Құдайбергенов.

Өтемақы төлеу 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін басталады. 10 пайыз өтемақы бойынша төленетін ең жоғары сома 20 миллион теңгені құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2002509-tengemen-asylgan-depozitter-boiynsa-10-paiyz-otemaqy-aluga-otinis-beru-qasan-ayaqtalady/

pixel