Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк "Сақ стиліндегі" биколорлы монеталарды айналымға шығарды (фото)

Опубликовано:

"Сақ стиліндегі" монеталар
"Сақ стиліндегі" монеталар. Фото: nationalbank.kz

Қазақстан Ұлттық банкі 2022 жылғы 21 желтоқсанда "Сақ стиліндегі" биколорлы монеталарды айналымға шығарды. Бұл туралы Ұлттық банк ресми сайтында хабарлады.

Ұлттық банктің мәліметінше, "Сақ стилі" монета бағдарламасының идеясы - Қазақстан халқын монеталар коллекциясын жинауға белсенді түрде тарту, мәдени-тарихи және ағартушылық құндылықтарды алға тарту, сондай-ақ отандық монета өндірісін танымал ету болып табылады.

Ұлттық банктің хабарлауынша, "Сақ стиліндегі" монеталардың (номиналы 100 теңгелік) бес түрі айналымға шығарылған. Номиналы 100 теңгелік монеталардың массасы 6,45 грамм, диаметрі 24,5 мм. Монеталар нибрасс/нейзильбер қорытпасынан жасалған.

"Сақ стиліндегі" монета
"Сақ стиліндегі" монета. Фото: nationalbank.kz

"Сақ стиліндегі" монета
"Сақ стиліндегі" монета. Фото: nationalbank.kz

"Сақ стиліндегі" монета
"Сақ стиліндегі" монета. Фото: nationalbank.kz

"Сақ стиліндегі" монета
"Сақ стиліндегі" монета. Фото: nationalbank.kz

"Сақ стиліндегі" монета
"Сақ стиліндегі" монета. Фото: nationalbank.kz

"Бұл монеталар айналымға тек екінші деңгейдегі банктер арқылы шығарылады. Кейін айналымдағы монеталармен бірге қолма-қол ақша түрінде пайдаланылады.

Бұл "Сақ стилі" сериясындағы монеталар – заңды төлем құралы және төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті, яғни, тауар алғанда және белгілі бір қызмет үшін төлем құралы ретінде пайдалануға болады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуы және аударылуы, ұсақталуы және айырбасталуы тиіс", - деп атап өтті Ұлттық банк өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2002515-ulttyq-bank-saq-stilindegi-bikolorly-monetalardy-ainalymga-sygardy-foto/

pixel