Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді жасы 50-ден асқандарға жұмыс табу жеңілдей түсіп, жалақысы субсидияланбақ

Опубликовано:

Жұмыс
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда зейнетке тақаған шақта азаматтар үшін жұмыс табуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама бар. Енді жаңа жылдан бастап аталған бағдарлама аясында тұрғындардың жас санатын кеңейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ .

Зейнетке шығуына аз қалған тұрғындар кейде жұмыс таппай қиналып жатады. Осыған орай Қазақстанда "Күміс жас" бағдарламасы іске қосылған болатын.

Бағдарлама аясында мемлекет компанияның қызметкерге кететін шығынының бір бөлігін өзі көтереді, яғни мұндай қызметкердің жалақысының жартысын мемлекет төлейтін болады.

Бүгінде аталған бағдарламаға жасы 58-дегі және одан үлкен адамдар қатыса алады. Алайда еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бағдарламаға жақында өзгерістер енгізілетінін хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Күміс жас" бағдарламасына жасы 50-ге толған және осы жастан асқан адамдар қатыса алады. Бұған қоса бағдарламаға қатысу мерзімі де бір жылдан үш жылға ұзартылды. Сонымен қатар оның аясында субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Егер бүгінде мемлекет жалақының 50 пайызын өзі төлесе, енді жаңа жылдан бастап субсидия көлемі ұлғаятын болады.

Осылайша, бірінші жылы мемлекет жалақының 70 пайызын, екінші жылы – 65 пайызын, ал үшінші жылы – 60 пайызын төлейді деп күтіліп отыр.

Ақша жүзінде де ол 30 АЕК көрсеткіштен артық емес көлемде немесе 2023 жылы 103 500 теңгені құрайтын болады.

Ведомство өкілдері "Күміс жас" жобасын жүзеге асыру шеңберінде жыл сайын 15 мың адам жұмыспен қамтылатынын айтып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2002568-zasy-50-den-asqan-turgyndarga-zumysqa-turu-zenildei-tusip-zalaqysy-subsidiyalanbaq/

pixel