Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі ең жоғары зейнетақы мөлшері жарияланды

Опубликовано:

Ақша ұстап отырған әйел
Ақша ұстап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2022 жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметке сәйкес, қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 14,4 трлн теңгеден асқан. Биыл ай сайынғы орташа зейнетақы төлемі 29 мың теңге, ал ең жоғарғы сома 707 326 теңгені құраған. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жасы бойынша зейнетақы төлемдері 22,6 пайызға ұлғайып, шамамен 109 млрд теңге болды. БЖЗҚ-дан кесте бойынша айлық орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 876 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады", - делінген БЗЖҚ хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, биыл салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде 777 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

Ал жыл басынан бері БЖЗҚ-дан салымшыларға берілген төлем 1,1 трлн теңгеден асқан.

Төлемдердің басым бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері құраған. Баламалы мақсаттарға берілетін төлем көлемі өткен жылмен салыстырғанда 58 пайызға төмендеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2003085-elimizdegi-en-zogary-zeinetaqy-molseri-zariyalandy/

pixel