Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнаулы салық режимдерін 2023 жылдан бастап кімнің қолдануға құқығы жоқ

Жарияланған күні:

Арнаулы салық режимдерін 2023 жылдан бастап кімнің қолдануға құқығы жоқ
Калькулятор. Көрнекі сурет: pixabay.com

Салық кодексіне шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану кезінде рұқсат етілмеген қызмет түрлерінің тізбесін толықтыру бөлігінде түзетулер енгізді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолдану кезінде рұқсат етілмеген қызмет түрлерін толықтыру бөлігінде Салық кодексінің нормасы күшіне енеді.

Бұл тізбені толықтыру, ең алдымен, бизнесті бөлшектеу жолымен салықтық оңтайландыру схемаларының алдын алу (оның ішінде қосалқы жалдау тетігін пайдалана отырып), оның ішінде оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолдану мақсаттарымен байланысты.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолдану бойынша шектеу мынандай қызмет түрлеріне қолданылады:

  • маркетингтік қызметтерді;
  • сауда нарығын жалға беру және пайдалану жөніндегі,
  • сауда базарларына жататын сауда объектілерін, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден асатын стационарлық сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін қосалқы жалға беру;
  • екі және одан да көп салық төлеушілердің осындай қызметтер көрсетілетін бір қонақ үйдің немесе жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында қонақ үй қызметтерін ұсыну саласындағы қызметке қолданылатын болады.

Сауда алаңы бес жүз шаршы метрден кем стационарлық сауда объектілеріне жататын, сауда объектілерін қосалқы жалға беретін салық төлеушілер, оны қолданудың қалған шарттарына сәйкес келген кезде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолдануға құқылы.

Тиісінше, шектеулер енгізілген жоғарыда аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер 2023 жылы 1 қантардан бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне көшуге тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2003803-arnauly-salyq-rezimderin-2023-zyldan-bastap-kimnin-qoldanuga-quqygy-zoq/