Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 2023 жылдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Жарияланған күні:

Қазақстанда 2023 жылдан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Ипотека рәсімдеу. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар "жасыл стандарттар" бойынша салынған, энергия үнемдейтін баспана алу үшін жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша несие ала алады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

"Жасыл ипотека" бойынша бастапқы жарна 20%-ды құрайды. Егер ол бар болса, "Отбасы банкінің" клиенттері алдын ала қарыз алуға мүмкіндік алады. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – 12,5%. Алайда ол 10 жылдан кейін төмендейді. Несиенің ең жоғарғы сомасы 35 млн теңгеге тең.

"Отбасы банк" АҚ басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, салынып жатқан үйлердің энергия тиімділігі алдағы 50 жылда күн тәртібінде тұрған мәселе.

"Мұндай үйлерді қазақстандықтар жаңа жылдан бастап сатып алуға мүмкіндік алады. 35 млн теңгеге үш-төрт бөлмелі пәтер сатып алуға болады. Біз Қазақстанда жасыл қаржыландырудың дамуына үлес қосып отырмыз деп ойлаймыз", - деді Ләззат Ибрагимова.

Ол жобадан алынған тәжірибе әрі қарай ірі халықаралық қаржы компанияларымен байланыс орнатуға мүмкіндік беретінін айтты.

"Себебі қазірдің өзінде жасыл қаржыландыруға деген қызығушылық артып отыр", - деді ол.

Қазақстандағы жасыл құрылыс жөніндегі кеңестің (KazGBC) атқарушы директоры Александр Белый атағандай, "жасыл ғимараттар" қоршаған орта мен тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігіне жауап береді.

"Мұның барлығы жылу, жарық, электр және су ресурстарын тиімді пайдалану технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылды. Әлем бойынша сертификаттаудың сан түрі бар. Қазақстанда ТМД елдерінің ішінде алғаш рет экологиялық сертификаттау әзірленді. Стандарт 2015-2018 жылдары әзірленген. Ол үздік халықаралық тәжірибе мен Қазақстанның климатына бейімделген", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2003831-qazaqstanda-2023-zyldan-bastap-zana-ipotekalyq-bagdarlama-iske-qosylady/