Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан банктеріне Ресей рублін елден шығаруға рұқсат берілді

Опубликовано:

Рубль санап отырған кассир
Рубль санап отырған кассир. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздегі екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін Қазақстаннан бір реттік тәртіппен шығаруға рұқсат етілді, деп хабарлайды Ұлттық банк ресми сайтында.

"Қазақстан Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1079 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін бір реттік тәртіппен Қазақстаннан әкетуге рұқсат етілгені туралы хабарлайды.

Қолма-қол рубльді қолма-қол ақшасыз нысанға конвертациялау және банктердің корреспонденттік шоттарын толтыру мақсатында рұқсат енгізіледі", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Сондай-ақ Ұлттық банк тиісті қаулы қол қойылған күннен, яғни, 28 желтоқсаннан бастап күшіне енгенін және күнтізбелік 60 күн ішінде қолданыста болатынын атап өтті.

Сонымен қатар Ұлттық банк қазіргі таңда екінші деңгейлі банктерде банк шоттарын, төлем карточкаларын, сонымен бірге электрондық әмияндарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін, қолма-қол Ресей рублінің жинақталу тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік беретін әр алуан арналар мен құралдардың бар екенін еске салды.    

Айта кетейік, былтырғы жылдың шілде айының соңында Қазақстан үкіметі банктерге ресейлік рубльдерді елімізден шығаруға рұқсат берген болатын. Ол кезде тиісті қаулы 2022 жылдың 31 тамызына дейін қолданыста болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2004175-qazaqstan-bankterine-resei-rublin-elden-sygaruga-ruqsat-berildi/

pixel