Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Былтыр елімізде еттің қай түрі айтарлықтай қымбаттаған

Опубликовано:

Құс еті. Көрнекі сурет
Құс еті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда ет бағасы бір жылда айтарлықтай өскен. Осы орайда, EnergyProm сарапшылары былтыр елімізде еттің қай түрі қымбаттағанын зерттеп көрген.

Сарапшылардың мәліметінше, 2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда ет және ет өнімдері бір жылда 16,6 пайызға қымбаттаған.

Баға әсіресе, Маңғыстау (22,6 пайызға), Павлодар (21,7 пайызға) және Солтүстік Қазақстан (21,5 пайызға) облыстарында өскен. Ет бір жылда ең аз мөлшерде қымбаттаған өңірге Ұлытау облысын жатқызуға болады. Мұнда еттің бағасы нәбәрі 9,7 пайызға артқан.

Қазақстанның ірі қалаларында да ет қымбаттаған. Мәселен, Алматыда оның бағасы бір жылда 16,2 пайызға, Шымкентте 17,6 пайызға, ал Астанада 18,1 пайызға өскен.

Жалпы алғанда Қазақстанда бір жылда ет 16,6 пайызға қымбаттаса, еттің кей түрлерінің бағасы тіптен шарықтаған. Мысалы, елде құс етінің бағасы бір жылда 29,4 пайызға өскен.

Сонымен қатар түрлі шұжық өнімдері 22,2 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде: пісірілген шұжықтың бағасы 23,6 пайызға, жартылай ысталған шұжықтың бағасы 22,2 пайызға, ал өзге ет өнімдерінің бағасы 15,9 пайызға өскен.

Бұдан бөлек 2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша бір жылда жылқы еті 16,7 пайызға, шошқа еті — 14,3 пайызға, қой еті — 12,9 пайызға қымбаттағаны белгілі болып отыр.

Былтыр ет түрлерінің ішінде бағасы айтарлықтай өспеген тек сиыр еті. Өсім бір жылда 10,1 пайыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2005256-elimizde-ettin-qai-turi-aitarlyqtai-qymbattagan/

pixel