Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнеткерлерге зейнетақы жинағының 50 пайызын алуға болатыны рас па: БЖЗҚ жауап берді

Опубликовано:

ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры әлеуметтік желілерде тараған қауесетке жауап берді. Хабарламада зейнеткерлерге зейнетақы жинағының 50 пайызын алуға болатыны жайлы айтылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ БЖЗҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БЖЗҚ-ның мәліметінше, зейнеткерлерге зейнетақы жинағының 50 пайызын алуға болатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

БЖЗҚ-ның түсіндіруінше Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, зейнеткерлер міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебінен құрылған зейнетақы жинағын, тек тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін немесе емделуге ақы төлеу мақсатында пайдалана алады.

Бұл - егер зейнетақы мөлшері алушының орташа айлық табысын Қазақстан Республикасының үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленген 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз еткен жағдайда мүмкін болмақ.

"Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері уәкілетті оператордан алғашқы электрондық хабарламаны алған күні салымшының (алушының) МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен жинақталған зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс", - дейді БЖЗҚ өкілдері.

Осы орайда БЖЗҚ әлеуметтік желілердегі және басқа да дерекөздердегі жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Сондай-ақ БЖЗҚ барлық операция тегін жүзеге асырылатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2005842-zeinetkerlerge-zeinetaqy-zinagynyn-50-paiyzyn-aluga-bolatyny-ras-pa-bzzq-zauap-berdi/

pixel