Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елорда жастары" бағдарламасына медицина қызметкерлері де қатыстырылуы мүмкін

Опубликовано:

ауруханада
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елорданы дамыту мәселелері бойынша өткен жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Елорда жастары" бағдарламасына медицина қызметкерлерін қосу мүмкіндігін қарастыру керек екенін айтты. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

"Ұлттық ғылыми медицина орталығы жақында жекеменшікке өтті. Онда бүйрегін ауыстырған науқастарды оңалту жұмысы тоқтатылған. Әлихан Асханұлы, ірі медициналық мекемелерді жекешелендірудің тиімділігін қайта қарайтын кез келді.

Бұдан бөлек, медицина кадрларының тапшылығы да қиындық туғызып отыр. Қалада 600-ден астам маман жетіспейді. Денсаулық сақтау министрлігі осы мәселелерді шешу қажет. Бұл салаға білікті мамандарды тартып, олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Жеңіс Махмұдұлы, осы мәселені жеке бақылауға алыңыз. "Елорда жастары" бағдарламасына медицина қызметкерлерін қосу мүмкіндігін қарастыру керек", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2007505-elorda-zastary-bagdarlamasyna-medicina-qyzmetkerleri-de-qatystyryluy-mumkin/

pixel