Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасы банкі арқылы мемлекеттен 116 мың теңге алуға болады": Желіде жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

жалған ақпарат
Көрнекі фото: pixabay.com

Интернетте Отбасы банктің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатыны туралы жалған ақпарат тарады. Банк Instagram парақшасында азаматтарды күдікті сілтемелерге өтпеуді сұрап, сақ болуға шақырды.

"Өкінішке қарай, интернет кеңістігінде Отбасы банктің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатыны туралы жалған ақпарат тарады. Алаяқтар 10 жылдан астам еңбек өтілі бар Қазақстанның әр азаматы Отбасы банктің қолданыстағы шоттары арқылы еңбек шегерімін ала алады деп мәлімдейді", - дейді банктің баспасөз қызметі өкілдері.

Банктің ақпаратынша, алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp мессенджерінде "сәлем" сөзін жіберуді сұрайтын көрінеді.

"Өз қауіпсіздігіңіз үшін күдікті сілтемелерге өтпеуді, жеке деректеріңізді бөліспеуді және тек банктің ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз. Сақ болыңыздар!", - делінген банк хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2007579-otbasy-banki-arqyly-memleketten-116-myn-tenge-aluga-bolady-degen-zalgan-aqparat-tarady/

pixel