Енді кәсіпкерлер салық есебін Kaspi Pay қосымшасымен тапсыра алады
Жарияланған күні:
Kaspi.kz Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп кәсіпкерлер үшін тағы бір онлайн сервисті іске қосты. Енді жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер Kaspi Pay қосымшасындағы «Салық» бөлімінде 910-нысан бойынша салық есебін тапсыра алады.
Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Kaspi Pay – қазақстандық кәсіпкерлер үшін Kaspi.kz-тің ең танымал қосымшасы. Басты мақсатымыз – кәсіпкерлердің өмірін жеңілдету әрі жақсарту. Біздің жаңа «Салық есебі» сервисінің көмегімен жеке кәсіпкерлер енді салық есебін онлайн, жылдам әрі оңай тапсыра алады. Командаларымыз бірлесіп әзірлеген тағы бір табысты сервис үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне, сондай-ақ ҰАТ АҚ пен Цифрландыру министрлігіне рақмет айтамыз!»
Азамат Панбаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:
«Мемлекеттік кірістер комитеті екінші деңгейдегі банктермен ынтымақтастық аясында Kaspi Pay платформасында шағын бизнес субъектілері үшін 910-нысанды салық есептілігін қабылдау сервисін тегін іске қосты. Бұл сервис салықты есептеуге, есептілікті жасауға және ұсынуға жұмсалатын уақытты үнемдей отырып, салық міндеттемелерін жылдам, қолжетімді, уақтылы орындауға мүмкіндік береді. Бұл бағытта ынтымақтастық қолайлы жағдай жасап, салық төлеушілер мен мемлекеттің арасындағы өзара іс-қимылды жақсарта отырып, жалғасын табады»
Жаңа сервистің көмегімен бухгалтер немесе кәсіпкердің өзі есепті қосымшаның өзінде жасақтай алады және растаған соң есеп МКК-ге автоматты түрде жіберіледі.
Жақын арадағы есепті - 15 ақпанға дейін 2022 жылдың екінші жартыжылдығы үшін тапсыру керек.
Келесі есепті – 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін – 15 тамызға дейін тапсыру керек.
Сервис туралы толығырақ Kaspi Гид-тен біліңіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2007939-endi-kasipkerler-salyq-esebin-kaspi-pay-qosymsasymen-tapsyra-alady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.