Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылы құжатының жарамдылық мерзімі өткен азаматтарға қанша айыппұл салынады

Опубликовано:

Ақшаны ұстап тұрған адам
Смартфон және ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2023 жылы қазақстандықтар жеке құжаттарын ауыстыруды мерзімінен кешіктірсе, оған салынатын айыппұл құны өседі. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Азаматтың жеке басын куәландыратын және оның қандай да бір құқықтарын растайтын құжаттардың қолданылу мерзімі шектеулі.

Негізгі құжаттарға мыналар жатады:

  • жеке куәлік;
  • Қазақстан Республикасы азаматының шетелдік төлқұжаты;
  • жүргізуші куәлігі.

2023 жылы (Қазақстан Республикасы азаматының шетелдік төлқұжатынан басқасы) құжаттардың қолданылу мерзімі бітуіне байланысты оны ауыстыруды кешіктірген жағдайда салынатын айыппұл мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) көтеріліуі себебінен өсті.

Жүргізуші куәлігі

Жүргізуші куәлігі - көлік құралын басқару құқығын растайтын құжат. Бұл құжат 18 жастан бастап автокөліктерді (В санаты) және мотоциклдерді (А санаты) жүргізуге беріледі.

Жүргізуші куәлігін алу құны - 1,25 (АЕК) 4 312,5 теңгені құрайды. Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде де осындай қаражат төленеді. Құжатты ауыстыруды кешіктерген жағдайда салдары мынадай болуы мүмкін:

  • әкімшілік жаза - әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612 бабы 2-тармағына сәйкес, көлік құралын мерзімі өткен жүргізуші куәлігімен басқарғаны үшін қазақстандықтарға 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады;
  • қайта тапсыру – құжат уақытында ауыстырылмаған жағдайда жүргізуші көлік құралдарын басқару емтиханын қайта тапсырады. Сондықтан құжатты мерзімі біткенге дейін уақытында ауыстыру керек.
Жолдағы көліктер
Жолдағы көлік және тәртіп сақшысы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жеке куәлік

Бұл - Қазақстан Республикасының барлық азаматы үшін міндетті құжат, азамат 16 жасқа толған кезде 10 жылға беріледі, оны алу немесе мерзімін ұзарту құны 0,2 АЕК (2023 жылы 690 теңге). Құжат 15 жұмыс күні ішінде беріледі.

Құжаттың жарамдылығын бақылау және уақытында ауыстыру маңызды. Жеке куәліктің мерзімі өткен жағдайда:

  • ескерту беріледі - құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 10 күннен бір айға дейін өтсе;
  • айыппұл салынады – мерзімі өтіп кеткен құжатты ауыстыруды бір айдан астам уақытқа кешіктірсе, 7 АЕК (24 150 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін (әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс 492-бап). Бір жыл ішінде қайтадан тәртіп бұзған жағдайда айыппұл сомасы 13 АЕК немесе 44 850 теңгені құрайды. Жалған тіркеу немесе оның жоқтығы үшін де дәл осындай жаза қарастырылған.
Төлқұжат
Шетелдік төлқұжат пен ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан Республикасы азаматының шетелдік төлқұжаты

Қазақстан Республикасы азаматының шетелдік төлқұжаты міндетті құжат болып табылмайды, сондықтан оның жарамдылық мерзімі өткен соң қазақстандықтар айыппұл төлемейді. Дегенмен бұл шетелге шығу мүмкіндігіне әсер етеді, кейбір елдерде құжаттың жарамдылық мерзіміне қойылатын талаптар бар. Мысалы, кем дегенде бір жыл немесе 6 ай. Сондықтан құжаттың жарамдылығына алдын ала назар аудару керек. Шетелдік төлқұжат ересектерге де, 16 жасқа толмаған балаларға да 10 жылға беріледі. Шетелдік төлқұжатты алу және жаңарту үшін төленетін мемлекеттік баж салығы 8 АЕК, яғни 27 600 теңгені құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2009480-2023-zyly-quzatynyn-zzaramdylyq-merzimi-otken-azamattarga-qansa-aiyppul-salynady/

pixel