Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО әкімі күніне 90 мың теңге жалақыны қайдан алуға болатынын айтты

Опубликовано:

Жалақы
Жалақы алған ер адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров аппарат жиналысында күніне қайдан 90 мың теңге жалақы алуға болатынын, халықтың табысын көтеру мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жиналыста айтылған ақпарат бойынша биыл облыста 10 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 24 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі өңірдегі зауыттарда мамандар тапшы екенін, қазіргі таңда әсіресе дәнекерлеуші, токарь жетіспейтінін айтты. Сапаров осы мамандықтарды меңгеру үшін қысқамерзімді оқыту курстарын ұйымдастырып, бірінші жартыжылдықта жұмысшы тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды.

"Бізде құрылыста тас қалаушылар жетіспейді. Бұл мамандықты 2 ай үйренуге болады. 1 шаршы метр кірпіш қалау 18 мың теңге тұрады. Бір адамдың 5 шаршы метр кірпіш қалап, күніне 90 мың теңге табуға мүмкіндігі бар. Бұл жұмысты бірлесіп атқару қажет. Ал бізде адамдар жетіспейді", - деді облыс әкімі.

Сапаровтың сөзінше, халық арасында бос жұмыс орындары туралы ақпараттандыру жүргізілуі керек, сондай-ақ тұрғындар сұранысқа ие мамандықтар мен жақсы жалақы төленетін жұмыстар туралы хабардар болып отыруы қажет.

Солтүстік Қазақстан облысында халықтың 6%-ға жуығы күнкөріс деңгейінен төмен жалақы алады.

egov.kz порталы жұмысқа орналасудың бірнеше нұсқасын ұсынады:

  • достар мен таныстар арқылы;
  • жұмыс іздеу веб-сайттары арқылы;
  • әлеуметтік желілердегі хабарландырулар мен қауымдастықтар арқылы;
  • жұмыспен қамту орталықтары арқылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2009701-sqo-akimi-kunine-90-myn-tenge-zalaqyny-qaidan-aluga-bolatynyn-aitty/

pixel