Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ұлттық банкі коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады (фото)

Опубликовано:

"Киіз үй" коллекциялық монетасы
KIIZ ÚI коллекциялық монетасы. Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылдың 17 ақпанынан бастап "Дала қазынасы", "Сиқырлы нышандар" және "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясымен жасалған коллекциялық монеталардың сатылымға шығарылатынын хабарлады, деп жазады Ұлттық банктің ресми сайты.

Монеталар ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz/kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

"Дала қазынасы" сериясымен шыққан KIIZ ÚI монеталарында интерференциялы құбылмалы бейнелеу және алтын жалату технологиясы қолданылған. Күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5000 дана.

"Өмір шежіресі" коллекциялық монетасы
ÓMIR SHEJIRESI коллекциялық монетасы. Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

"Сиқырлы нышандар" сериясымен шыққан ÓMIR SHEJIRESI монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған. Күмістен дайындалған монетаның сынамасы – 925/1000, массаcы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 777 теңгелік, таралымы – 7 777 дана.

"Қажымұқан Мұңайтпасұлы" коллекциялық монетасы
QAJYMUQAN MUŃAITPASULY коллекциялық монетасы. Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

"Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясымен шыққан QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL, MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL және TALǴAT BIGELDINOV. 100 JYL монеталары мельхиор қоспасынан (МН 25) тұрады. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, әрқайсының таралымы – 15 000 данадан.

"Мәншүк Мәметова" коллекциялық монетасы
MÁNSHÚK MÁMETOVA коллекциялық монетасы. Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

TALǴAT BIGELDINOV коллекциялық монетасы
TALǴAT BIGELDINOV коллекциялық монетасы. Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2009715-qazaqstan-ulttyq-banki-kollekciyalyq-monetalardyn-satylymga-sygarady/

pixel