Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда такси қызметі бір жылда қаншаға қымбаттады

Жарияланған күні:

Елімізде бір жылда такси қызметі қаншаға қымбаттады
Такси жолағындағы көліктер. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша бір жылда такси құны 12,2%-ға өскен, деп хабарлайды Energyprom.kz.

2022 жылы Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы 16%-ға өсіп, 5 млрд теңгеден асты.

Такси қызметінің құны бойынша ең жоғары өсім Атырау (37,5%) облысында тіркелді. Жетісу (33%) және Абай (31,2%) облыстарында да такси қызметі айтарлықтай қымбаттаған. Ал еліміздің ірі қалалары Шымкентте 9,8%-ға , Алматыда 4%-ға, Астанада 3,7%-ға өскен.

Такси жалдау бағасы бойынша ең аз жылдық өсім Ақмола облысында (0,5%) тіркелді. Қарағанды, Түркістан және Ұлытау облыстарында баға өзгермеген.

2022 жылы такси қызметін 2,4 млрд жолаушы пайдаланды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,2%-ға аз.

Бағаның көтерілгеніне қарамастан, әлемдік стандарт бойынша Қазақстан арзан такси қызметін ұсынатын елдер қатарында. Нақтырақ айтсақ, бұл көрсеткіш бойынша әлемдік рейтингте еліміз 107 елдің ішінде 18-орынға тұрақтаған.

ТМД елдері арасында такси қызметі арзан деп саналған елдердің ондығына Армения, Украина, Молдова және Ресей кірді. Ең жоғары баға - Швейцарияда (4,25 доллар), Кувейтте (3,27 доллар) және Ямайкада (3,26 доллар) тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2010111-elimizde-bir-zylda-taksi-qyzmeti-qansaga-qymbattady/