Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ұшақ билеттерінің де бағасы өскен

Опубликовано:

Алматы әуежайындағы ұшақтар
Алматы әуежайындағы ұшақтар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда әуе компанияларының қызметі қымбаттап барады. Finprom сарапшылары бір жыл ішінде ұшақ билеттерінің орташа бағасы неше пайызға өскенін анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2023 жылғы қаңтар айында Қазақстанның әуе компаниялары 969,9 мың жолаушыны тасымалдаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 84 пайызға артық.

Сонымен қатар жолаушылар бағыты 2 миллиард километрді құрап, былтырмен салыстырғанда 2,3 есе артқан. Сарапшылардың мәліметінше, биыл қаңтар айындағы көрсеткіш - 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Қазақстанда әуе тасымалына сұраныс айтарлықтай артқан. Сол себепті ұшақ билеттерінің бағасы да өскен.

Елімізде 2022 жылдың соңында бір жыл ішінде ұшақ билеттерінің бағасы 16,8 пайызға өскен. Сарапшылардың айтуынша, бұл өсім биыл да жалғасып жатыр. 2023 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша әуе тасымалы қызметі бір жылда 21,3 пайызға қымбаттаған.

Өңірлер бойынша бағаның ең жоғары өсімі Абай облысында тіркелген. Мұнда ұшақ билеттерінің құны бірден 94,2 пайызға (екі есеге жуық) көтерілген. Сондай-ақ Қостанай (64,4 пайыз), Батыс Қазақстан (47,9 пайыз), Шығыс Қазақстан облыстарында (47,8 пайыз) және Алматы (42,8 пайыз) қаласында да ұшақ билеттерінің бағасы өскен. Ең төменгі жылдық баға өсімі Ақмола облысында (2,6 пайыз) тіркелген.

Айта кету керек, қаңтар айында кей өңірлерде ұшақ билеттері қымбаттамаған. Мәселен, Жамбыл облысында ұшақ билеттерінің бағасы өзгеріссіз қалған. Ал Павлодар, Алматы, Қарағанды ​​және Ұлытау облыстарында билет бағасы керісінше арзандаған.

Дегенмен кейбір жағдайларда қазақстандықтар бағаның өсуіне қарамастан ақшасын үнемдеуіне болады. Мәселен, елімізде Kids Go Free бағдарламасы бойынша ата-аналар баласына тегін ұшақ билетін рәсімдей алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2010986-elimizde-usaq-biletteri-qansaga-qymbattady/

pixel