Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір ғажайыптың бары рас екен": Талғар тұрғыны қалай автокөлік ұтып алғанын баяндап берді

Опубликовано:

Рустам есімді азамат
Рустам есімді азамат. Фото: "Сәтті Жұлдыз"

Рустам есімді Талғар тұрғыны көлік жүргізушісі болып еңбек етеді. Көлігіне отырып алып, ол күнін Алматы кептелістерінде тұрумен өткізеді. Бірізді өтетін күндеріне әр беру үшін Рустам лотерея билеттерін сатып алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Satty Zhuldyz-дан көптен күткен сәтті билетін сатып алуға Рустам ай сайын шамамен 10-15 мың теңгесін жұмсайды. Кейде олар расымен сәтті болып шығады – Талғар тұрғынының 400 теңге, тіпті 5-10 мың теңге ұтып алған кезі де болған. Бірақ бұл жолы оны мүлдем ерекше тосынсый күтіп тұрған еді.

"Мен лездік те, тиражды да лотерея билеттерін сатып аламын. LOTO 6/49 ұнайды, әдетте сандар комбинациясын өзім таңдаймын, бірақ бұл жолы автоматты таңдауды таңдаған едім. Билетті онлайн сатып алдым, іштей сездім. Жалпы үміт деген үнемі болады ғой, бірақ бұл жолы ішімде бір ерекше сезім болды.

Бір күні маған қоңырау шалып, авто ұтып алдыңыз деп хабарлады. Бастапқыда сенбедім, достарым қалжыңдап тұр деп ойладым. Бірақ артынша расымен де "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының кеңсесінен хабарласып тұрғанын түсіндім. Шынымды айтсам, компания кеңсесіне бармайынша, шынымен ұтысқа ие болғаныма сенбедім", - дейді Рустам.

Ол ұтысты ақшалай алуды шешкен, себебі баспаналы болғысы келеді. Қазіргі таңда Рустамның отбасы пәтер жалдап тұрады. Одан бөлек несиелері мен қарыздарынан да құтылу қажет болып тұр. Бірақ Рустам мұнымен ұтысқа қатысуды тоқтатпайтынына сенімді.

"Бұдан кейін де қатыса бермекпін, бәлкім ірі көлемдегі ұтысқа ие болып қалармын. Ақша ұтып алғым келеді. Лотереяға сенбейтін жандарға айтарым, қорықпаңдар, қатысыңдар, бір ғажайыптың бары рас екен. Ұтысқа ие болу – мүмкін нәрсе", - деп сөзін түйіндеді ол.

Айтпақшы, жеңіске кез келген кәмелет жасына толған қазақстандық жете алады. Мәселен, пәтер ұтып алу мүмкіндігі зор - 12 наурыз күні жылжымайтын мүліктің кезекті ұтысы ойнатылады.

Оған қатысу үшін "Сәтті Жұлдыз" TeleBingo лотереясының 5 билетінен тұратын "Пәтер" ЛотоЖинағын сатып алу керек.

Әр билеттегі комбинация кездейсоқ таңдалады. Бір қатысушы сатып ала алатын ЛотоЖинақтар санына шектеу жоқ. Ұтыс 2023 жылғы 12 наурызда сағат 9.00-де "31 арна" телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

Сонымен бірге мультимиллионер атану мүмкіндігі де мол -"5/36" лотереясының джекпоты бүгінде 74 миллион теңгеден асып кетті. Осылайша, кез келген адамның бұл ұтысқа ие болу мүмкіндігі бар.

"5/36" лотереясының ұтысы күнделікті сағат 21:00-де Satty Zhuldyz YouTube арнасының тікелей эфирінде өтеді және күн сайын кез келген қатысушы жеңіске жете алады!

Қатысып, бақ сынап, дәулетіңізді, бақытыңызды, нәсібіңізді арттыра түсіңіз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2011050-bir-gazaiyptyn-bary-ras-eken-talgar-turgyny-qalai-avtokolik-utyp-alganyn-bayandap-berdi/

pixel