Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаңтардың өзінде 29 723 данасы сатылған": Ұлттық банк ел тұрғындары жиі сатып алатын алтын құйманы атады

Опубликовано:

Алтын құймалар
Алтын құймалар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кейбір қазақстандықтар жинақтарын алтынмен сақтауды жөн көреді. Осы орайда Ұлттық банк қаңтар айында қай қалаларда алтын құйма көбірік сатылғаны және сатып алушылар арасында неше грамдық алтын құйма сұраныста екенін мәлім етті.

Алтын құймалар отандық инвесторлар мен тұрғындар арасында сұранысқа ие сенімді инвестиция құралы. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, құймаларды кері сатып ала алады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар айында екінші деңгейлі банктер мен жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 79,5 келі 2 364 алтын құйма сатылған.

Ұлттық банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы іске қосқанын атап өтті. Содан бері жалпы салмағы 3,9 тонна 115 209 алтын құйма сатылған.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Банк өкілдерінің айтуынша, сатып алушылар арасында 10 грамдық алтын құйма сұранысқа ие.

Алтын құйма сатылуы бойынша статистикакалық мәліметтер
Қаңтар айындағы алтын құймалардың сатылуы бойынша деректер. Инфографика: nationalbank.kz

Мәселен, биыл қаңтар айында 10 грамдық алтын құймадан 29 723 дана (26 пайыз), 5 грамдық алтын құймадан 25 538 дана (22 пайыз), 100 грамдық алтын құймадан 23 460 дана (20 пайыз), 20 грамдық алтын құймадан 23 131 дана (20 пайыз), және 50 грамдық алтын құймадан 13 357 дана (12 пайыз) сатылған.

Алтын құймалар Алматы, Астана және Атырау қалаларында көп сатылған.

Сонымен қатар Ұлттық банк бағдарлама басталғалы бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген пунктер жалпы салмағы 484,6 келі 19 228 алтын құйманы кері сатып алғанын, бұл жалпы сатылған құймалардың 17 пайызы екенін атап өтті.

"Кері сатып алынған құймалардың барлығы Ұлттық банктің аумақтық филиалдары арқылы халыққа сатылады.

Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қораппен шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан алтын құйманы ұқыппен сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береміз", - дейді Ұлттық банк өкілдері.

Айта кетейік, былтыр қараша және желтоқсан айларында бағаның көтерілуінен кейін, бір грамм алтынның құны 29 мың теңгеге дейін жеткен еді. Биыл ақпан айында алтынның бағасы 6,5 пайызға дейін төмендеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2011106-elimizde-qai-qalanyn-turgyndary-altyn-quimany-zii-satyp-alady/

pixel