Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар бағамы бірден 6 теңгеге төмендеді

Жарияланған күні:

теңге/АҚШ доллары
теңге/АҚШ доллары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ KASE ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
2024 жылғы 14 қараша: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 5,98 теңгеге төмендеп, қазіргі таңда 1 доллар 435,69 теңгені құрап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі ақша айырбастау пункттерінде доллар құны күрт төмендегенін хабарлаған едік.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, сол арада доллар тағы арзандаған. Мәселен:

  • Астанада АҚШ долларын сатып алу – 428-435 теңге, сату – 438-443 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 432-435 теңге, сату – 438-440 теңге;
  • Шымкентте: сатып алу – 430-434,5 теңге, сату – 435,5-438 теңге аралығында.

Ал NUR.KZ-тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Астанада: сатып алу – 429,5-430 теңге, сату – 434-436,5 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 429,5-435,5 теңге, сату – 434-440,5 теңге;
  • Шымкентте: сатып алу – 429,5-430 теңге, сату – 434-436,5 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2011502-qazaqstanda-dollar-bagamy-samamen-6-tengege-quldyrady/