Алғашқы тәулікте банкроттыққа қанша қазақстандық өтініш бергені белгілі болды
Жарияланған күні:
3 наурыз күні Қазақстанда банкроттық туралы өтініштер қабылдау басталды. Бірінші тәулікте 1 469 азамат өтініш бергені туралы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында хабарланды.
Ведомство дерегінше, 3 наурыз сағат 16:00-ге дейін мемлекеттік кірістер комитетіне соттан тыс банкроттыққа қабылдау туралы 1469 өтініш келіп түскен. Ал азаматтардан eGov арқылы 1399 өтініш, e-Salyq Azamat арқылы 70 өтініш берілген.
Ең алғашқы өтініш электрондық үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те келіп түскен.
Мемлекеттік кірістер комитеті банкроттыққа өтінішті өтініш берушінің өзі ғана қалдыра алатынын ескертеді.
Еске сала кетейік, 3 наурызда күшіне енген "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заңға сәйкес, борышкерлер банкроттыққа өтініш бере алатыны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2011743-algasqy-taulikte-bankrottyqqa-qansa-qazaqstandyq-otinis-bergeni-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.