Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық көпбалалы аналарға 8 наурыз мерекесіне орай 8 мың теңгеден беріледі

Опубликовано:

Баласын құшақтап тұрған ана
Баласын құшақтап тұрған ана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 30 мыңға жуық көпбалалы ана мен отбасы, аз қамтылған тұрғындар біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды Астана әкімдігі ресми сайтында.

"Астана қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес Халықаралық әйелдер күніне орай елордада тіркелген және тұрақты тұратын 30 мыңға жуық көпбалалы отбасыға, көпбалалы анаға, оның ішінде аз қамтылғандарға 2,5 АЕК (8 625 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетін болады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдіктің мәліметінше, төлем Астана қаласы бойынша "Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы" филиалының, "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының тізімдері негізінде жүргізіледі.

Айта кетейік, елімізде жаңа жылдан бастап кез келген жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерге құқығы бар қазақстандықтарды автоматты түрде анықтап беретін "Отбасының цифрлық картасы" жүйесі енгізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2011984-astanalyq-kopbalaly-analarga-8-nauryz-merekesine-orai-8-myn-tengeden-beriledi/

pixel