Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар Қазақстанда мұнайдан түскен қаржының қайда кетіп жатқанын айтты

Опубликовано:

мұнай өндіру құрылғысы
Мұнай өндіру. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда мұнай сатудан түскен ақшалай түсімдер халықтың өмір сапасының жақсаруына септігін тигізбейді деген пікір бар. Шын мәнінде мұнайдан түсетін қаражат бюджеттен тыс қалып қойып жатыр ма, оны KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыздар.

Пайдалы қазбаларды өндіру саласы Қазақстан экономикасындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл әсіресе мұнаймен байланысты.

Finance.kz Telegram-арнасының хабарлауынша, алайда елімізде пайдалы қазбаларды өндіру мен сатудан түскен табыс түптеп келгенде қазақстандықтардың өзіне пайда әкелмейді деген пікірді жиі естуге болады.

Көпшіліктің пікірінше, бұл ақша жеке компанияларда қалып қоятындықтан, халықтың игілігіне жұмсалмайды. Сондықтан сарапшылар Қазақстан бюджетіне түсетін ақшалай түсімдердің неше бөлігі мұнай саласынан түсетінін түсіндіруді жөн көрген.

Бұған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджетке (республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығы) 1,5 трлн теңгеге жуық кіріс түскенін айтқан болатын. Бұл ретте кіріс жоспары 144 пайызға орындалған.

Министр түсіндіріп өткендей, республикалық бюджетке 1,1 трлн теңге түсіп, жоспар 139 пайызға орындалған. Ол кіріс жоспарының артығымен орындалғанын яғни кіріс 310 млрд теңгені, оның ішінде салықтар – 302 млрд теңгені құрағанын айтқан еді.

"Шын мәнінде, Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, былтыр бюджетке әрбір үшінші теңге Ұлттық қордан түскен, яғни тікелей мұнайдан түскен.

Қалған салық қазынаға азаматтар мен компаниялардан түскен, оның ішінде пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын топ-25 шетелдік жеке компаниялар барлық салық түсімінің 36 пайызын төлеген.

Осылайша, Қазақстан бюджетіндегі мұнайдың үлесі шамамен 56 пайызды құрайды", – дейді Finance.kz сарапшылары.

Салыстыру үшін айтсақ, 2019 жылы мұнай өндіруші компаниялардан бюджетке түскен салық түсімдерінің үлесі 49 пайыз болған.

Сарапшылардың сөзінше, осылайша, мұнай компанияларынан түсетін салықтар мен мұнайды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің басым бөлігін құрайды деп айтуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2012358-sarapsylar-qazaqstanda-munaidan-tusken-qarzynyn-qaida-ketip-zatqanyn-aitty/

pixel