Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Михаил Ломтадзе АҚШ-та өткен ірі технологиялық конференцияға қатысты

Опубликовано:

Михаил Ломтадзе
Михаил Ломтадзе. Фото: Kaspi.kz

Михаил Ломтадзе Қазақстандағы инновациялардың дамуы, реформалар және Kaspi.kz-тің бірегей тәжірибесі туралы Сан-Францискода (АҚШ) өткен Morgan Stanley Technology, Media and Telecom 2023 конференциясында айтты.

Morgan Stanley Technology, Media and Telecom конференциясы 30 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Жыл сайын бүкіл әлемдегі жетекші технологиялық компаниялар мен инвесторлар үшін ол басты оқиға саналады. Конференцияда сондай-ақ Илон Маск пен Google, Microsoft, PayPal және әлемдегі басқа да жетекші компаниялардың басшылары сөйледі.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:

"Конференцияда біз ең алдымен Қазақстан туралы, инновациялардың қарқынды дамуы туралы және біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін қалай жақсартып жатқанымыз жайлы айтып өттік. Бүгінгі таңда Қазақстан көптеген ел үшін бірегей технологиялық сервистердің даму жолында үлгі бола алатынын зор сеніммен айта аламыз. Біз көптеген компанияның: "Біз де Kaspi.kz сияқты болғымыз келеді" дегенін өз құлағымызбен естіп жүрміз. Бізбен бірге болғаны үшін барлық сүйікті клиентіміз бен серіктестерімізге мың алғыс. Біз сіздермен бірге Қазақстандағы өмір сүру деңгейін жақсарта түсеміз және елімізді инновациялардың әлемдік аренасына шығаруды жалғастыра бермекпіз!".

Конференция өтіп жатқан уақытта Михаил Ломтадзе жетекші америкалық және халықаралық инвесторлармен жеке кездесулер өткізді.

"Бұл жеке кездесулерде біз инвесторларға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық жұмыс істеу ережелеріне және инновацияларға негізделген нарықтық экономика құру мақсатында өткізіп жатқан реформалары туралы айтып өттік. Көптеген инвестор Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға дайын және халықаралық инвестицияларды тарту үшін инвестициялық ахуалды жақсарта алатын тұрақты заңнама мен реформаларға назар аударып отыр", - деп қосты Михаил Ломтадзе.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің банк және басқа да операцияларды және құнды қағаздар нарығында қызмет жүргізуге 2020 жылғы 03 ақпанда берген №1.2.245/61 лицензиясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2012631-mixail-lomtadze-aqs-ta-otken-iri-texnologiyalyq-konferenciyaga-qatysty/

pixel