Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар көлік құралының салығын қашанға дейін төлеп үлгеруі керек

Опубликовано:

Ақшасын санап отырған әйел адам
Ақша және мемлекеттік кірістер сайты. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандағы әрбір көлік иесі міндетті салықты қашанға дейін және қалай төлеу керек? Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында тағы да еске салу хабарламасын жариялады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, 2023 жылғы 1 сәуірге дейін көлігі бар қазақстандықтар өткен жылдың көлік салығын төлеуі керек.

Салық мөлшері айлық есептік көрсеткіш(АЕК) мөлшеріне байланысты. 2023 жылы АЕК ұлғайды, бірақ салық өткен жыл үшін төленетін болғандықтан оның мөлшері 3 063 теңгені құрайды.

Салық мөлшерлемесіне келетін болсақ, жеңіл автокөліктер жағдайында ол қозғалтқыштың көлеміне байланысты есептеледі. Көлік неғұрлым үлкен болса, салық көлемі де соғұрлым жоғары болады. Мәселен, көліктің қозғалтқыш көлемі 3 литрге дейін болса, онда 1 АЕК-тен 9 АЕК-ке дейін салық төленуі мүмкін.

Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.

Сонымен қатар наурыз айында автокөлік иелеріне банктік мобильді қосымшалар арқылыҚазақ салық органдары есептеген салықтың нақты сомасын көрсететін push-хабарламалар жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2012646-qazaqstandyqtar-kolik-quralynyn-salygyn-qasanga-deiin-tolep-ulgerui-kerek/

pixel