Кейбір санаттағы қазақстандықтардың жәрдемақысы өседі
Жарияланған күні:
Парламент сенатының депутаттары Әлеуметтік кодексті қабылдады. Жоба аясында кейбір санаттағы азаматтардың жәрдемақысы 14,5 пайзға өседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сенатта Әлеуметтік кодекс жобасын талқылау барысында депутат Ләззат Қалтаева кімдердің жәрдемақысы көтерілетінін айтқан.
"Азаматтардың кейбір санаты үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы 14,5 пайызға өседі", - деді ол сенаттың жалпы отырысында.
Олар:
- мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар;
- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтындар;
- саяси қуғын-сүргін құрбандары және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер адамдар;
- ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар.
Басылымның хабарлауыша, сонымен қатар Әлеуметтік кодекс аясында сотталғандарға да жәрдемақы төлеу көзделіп отыр.
Құжатта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі және бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғанға күтім жасайтын сотталған адамдарға мемлекеттік жәрдемақы алу құқығын беру туралы норма қарастырылған.
Жәрдемақы мөлшері ай сайын 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейін немесе 65 313 теңгені құрайды. Сенатор Ләззат Қалтаеваның айтуынша, бүгінде бас бостандығынан айыру орындарында бірінші топтағы мүгедектігі бар 54 адам жазасын өтеп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2013230-keibir-sanattagy-qazaqstandyqtardyn-zardemaqysy-osedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.