Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан банктеріне теңгелік депозиттер бойынша өтемақы төлеуге арналған ақша аударылды

Опубликовано:

ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Екінші деңгейлі қазақстандық банктер мемлекеттен теңгелік салымдар бойынша сыйақылар төлеуге жұмсалатын ақша алды. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) хабарлады.

ҚДКБҚ хабарлауынша, 16 наурызда теңгелік салымдар бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуге арналған қаражат екінші деңгейдегі банктерге келіп түскен.

"Өтемақы төлеу рәсімінің аяқталып келе жатқандығын қуана хабарлаймыз. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 15 наурызда банктерден салымшылардың ақтық тізілімін алып, оларды операторға жолдады. Жақын күндері банктер төлемдерді толық көлемде аяқтайды", – дейді ҚДКБҚ төрағасының орынбасары Алмас Құдайбергенов.

"Проблемалық кредиттер қоры" АҚ пен "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ ақшаларды банктерге аударған. Аударылған қаражаттардың жалпы сомасы 306,6 млрд теңге.

Мемлекет тарапынан 10 пайыздық сыйлықақыны алатын салымшылар саны 2 млн 615 мың 772 адамды құраған.

Қағидаларға сәйкес, екінші деңгейдегі банктер екі жұмыс күні ішінде (соңғы күнін қоса алғанда 2023 жылдың 20 наурызына дейін) тиесілі сыйлықақыны өтініш берген депозиторлардың шоттарына аударады.

Теңгелік депозиттер бойынша 10 пайыздық сыйлықақы Қаржы министрлігі мен Қазақстанның Ұлттық банкінің қаражаттары есебінен төленетіні айтылған.

Мамандар сыйлықақы төлеуге банктер өтініштерді бес ай бойы, яғни 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың ақпанына дейін қабылдағанын айтты. Өтініштерді қабылдау 10 ақпанда аяқталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2013295-qazaqstan-bankterine-tengelik-depozitter-boiynsa-otemaqy-toleuge-arnalgan-aqsa-audaryldy/

pixel