Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депозиттерге өтемақы алуға берілген өтініштер саны жөнінен Home Credit Bank үшінші орында тұр

Опубликовано:

Home Credit Bank
Кирил Бачваров, СЕО Home Credit Bank. Фото: жеке архивтен

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының дерегі бойынша, Home Credit Bank 16 коммерциялық ойыншының ішінде Kaspi мен Halyk-тан кейін үшінші орында тұр. Бұл туралы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған inbusiness.kz хабарлайды.

Банк өкілдерінің айтуынша, мемлекет беретін өтемақы клиенттің ағымдағы немесе карталық шотына 17 наурыз күні түседі. Бұдан кейін ол бұл қаражатты өз қалауынша жұмсай алады: шығарып алып, депозитке салса да немесе несиесін төлесе де өз еркі. Банктің мобильді қосымшасының арқасында клиент әп-сәтте ақшаны ағымдағы депозитіне аударуына немесе жаңа салым ашып, 17,5%-ға дейінгі жылдық сыйақы алуына болады. Ақшаны қолма-қол алуы үшін клиент оны ағымдағы шоттан дебеттік картаға аударып, кез келген банкоматтан шешіп алуына болады.

"Бір жыл бұрын дүрбелеңге бой алдырған қазақстандықтар шетелдік валютаны сатып алу үшін банк бөлімшелері мен валюта айырбастау орындарына барғанын көрдік. Алайда теңгелік депозиттерді мемлекеттік қорғау бағдарламасы клиенттердің теңгемен сақталатын жинақтарға деген қызығушылығын қолдауға мүмкіндік берді. Қазақстандықтар 10% мөлшеріндегі сыйақы алып қана қойған жоқ, сонымен бірге салымдар бойынша 15-17% мөлшерінде теңгелік депозиттердің табысы өсті. Ал бұл ретте бір жыл ішіндегі доллар бағамы тек 3 пайызға ғана өсті", - дейді Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирилл Бачваров.

Былтыр ішкі және сыртқы құлдыраулардың әсерінен Қазақстанда теңгелік салымдардың жылыстауы және қолма-қол ақша түріндегі жинақтардың өсуі байқалды, дейді Home Credit Bank басшысы. Жағдай түзеле бастады және ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша, жыл соңына қарай халықтың ел банктеріндегі салымдарының көлемі 26%-ға дейін өскен. Бұл тұста Home Credit Bank-тегі жеке тұлғалардың депозиттер портфелі 40%-ға артып, белсенді динамиканы көрсетті және 2023 жылғы 1 қаңтарда 203 млрд теңгені құрады.

"Home Credit Bank-тің 51 мыңнан астам клиенті бір жыл ішінде жинақтарын біздің банкте сақтауға келісімін беріп, депозиттер бойынша өтемақы алу үшін өтініш берді. Бұл қазақстандықтардың елдің банк жүйесіне де, жекелей алғанда Home Credit Bank-ке деген сенімі жоғары дәрежеде екенін білдіреді», - деп баға берді өтініштер көлеміне Кирилл Бачваров.

Оның айтуынша, салымдар бойынша өтемақы алуға өтініштердің негізгі бөлігіне онлайн, мобильді қосымша арқылы қол қойылған. Себебі Home Credit ЕДБ ішінде клиенттер келісімін онлайн қабылдауды алғашқы болып іске қосқан болатын.

Банк басшысы бұл динамиканы бірнеше фактормен байланыстырады. Біріншіден, банк клиенттері қаржылық тұрғыдан сауатты, қаржы нарығындағы жағдайды мұқият бақылап отыратын және банкке сенім білдіретін клиенттер. Екіншіден, әлеуметтік желілердегі парақшасында, мобильді қосымшасында, сайтта және бөлімшелерде теңге түріндегі депозиттерді қорғау бағдарламасы туралы белсенді түрде клиенттерін хабардар етіп отырған және клиенттерінің бұл бағдарламаны қолдануы үшін жағдай жасаған. Үшіншіден, банк депозиттер бойынша өтемақы алу мақсатында оларды автоматты түрде ұзартып, өтемақы алу үшін мобильді қосымша арқылы өтініш беруді іске қосқан.

Қазақстанда салымдар нарығына теңгелік депозиттер ставкасының өсуі де ықпал етті. Былтыр Ұлттық банк инфляция деңгейін төмендету мақсатында базалық ставканы көтеріп, артынша банктер депозиттер бойынша сыйақы мөлшерін ұлғайтты. Жекелей алғанда, Home Credit Bank тек қана жаңа емес, ескі депозиттік келісімшарттар бойынша да жылдық тиімді ставкаларды автоматты түрде 4 мәрте көтерген. Бүгінгі таңда банктер теңгелік салымдар бойынша жоғары ставкалар ұсынып отыр және бұл қазақстандықтардың қосымша табыс табуына таптырмас мүмкіндік. Home Credit Bank депозиттері бойынша жылдық тиімді ставкалар мерзіміне қарай 17,5%-ға жетеді, ал банктік сертификат бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі 18,5%-ға дейін жетеді.

2023 жылдың 23 ақпанында бір жыл бұрын іске қосылған Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасы аяқталды. Бағдарлама халық салымдарының жылыстауына және шетелдік валютаға ауысуына жол бермес үшін қолға алынған. Шарттарға сай, мемлекет қазақстандық банктерде 2022 жылдың 23 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанын қоса алғанға дейінгі мерзім аралығындағы депозиттерге бюджет қаражаты есебінен 10%-дық сыйақы береді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының деректеріне сай, барлығы 2,6 млн салымшы өтініш берген.

17.08.2022 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген № 1.2.36/40 лицензия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2013345-depozitterge-otemaqy-aluga-berilgen-otinister-sany-zoninen-home-credit-bank-usinsi-orynda-tur/

pixel